Әблязов тұтқындаламын деп қорқады

Malim Админ

  • 13.05.2021

Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде танылған ҚДТ қозғалысының басшысы Мұхтар ӘБЛЯЗОВ жуық арада қамаламын деп қорқып жүр. Бұл туралы франциялық журналист Серж ЭНДЕРЛЕН Le Monde газетіне жарияланған мақаласында жазады.

Мақала авторын Мұхтар ҚАБЫЛҰЛЫ 30 сәуір күні құпия пәтерінде қабылдаған екен.  

«Мұхтар Әблязов бостандықта қалу үшін 500 мың еуроны кепілге қоя алмайтынын айтты. Жуық арада қамалуы мүмкін деп қорқады. Қазір оны сенімді оққағары күзетіп жүр», - деп жазды франциялық басылым.

Британиялық Inside Wales Sport басылымының жазуынша, қазақстандық бизнесмен Францияның басшылығын негізсіз айыптаған. Енді сол үшін жауап беруі тиіс.

«Өз отанында ұрлық жасағаны үшін қуғында жүрген қазақстандық бизнесмен Мұхтар Әблязов қазір Францияда тұрады. Оған саяси баспана берілген. Сондай-ақ, оған франциялық тарап та айып тағып отыр. 2021 жылдың 30 сәуір күні ол «Дейли уорлд» газетіне берген сұхбатында Францияның ресми басшылығын саяси қитұрқылыққа барды деп айыптаған. Оның ішінде қосып айтқан сөздері де бар», - деп жазады мақала авторы Форреста МОРТОНА.

Қазақстан соты Мұхтар Әблязовты аса ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп үкім шығарып тастаған. БТА банкінен миллиардтаған қаражатты жымқырған және кісі өліміне тапсырыс беруші, экстремисттік ұйым құрушы дейді. 2017 жылы Мұратхан ТОҚМАДИ Әблязовтың тапсырысымен банкир Ержан ТӘТІШЕВТІ өлтіргенін айтқан еді.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Instagram көріп сотталды

21.07.2023

МАЭК жұмысшылары енді Әблязовқа қарсы шықты

25.04.2023

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

06.10.2022

21 жыл. Путиннің жақсылық әкелмейтінін болжаған Балташ аға еді

22.09.2022

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

24.03.2021

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

17.03.2021
MalimBlocks
Instagram көріп сотталды

Жетісу облысында сот Жібек Бостанбекованың  бостандығын шектеп, Instagram желісінде Әблязовке сұрақ қойғаны үшін өтемақы төлеуге мәжбүр етті.

МАЭК жұмысшылары енді Әблязовқа қарсы шықты

Маңғыстаудағы «МАЭК» ЖШС жұмысшылары бейне үндеу арқылы президент Қ. Тоқаевтан көмек сұрап, арада он күн өткенде айтқан уәждерін жоққа шығарды.

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

Биыл көрнекті саясаткер, оппозициялық қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл.

21 жыл. Путиннің жақсылық әкелмейтінін болжаған Балташ аға еді

Қоғам қайраткері, оппозиция серкелерінің бірі, саясаткер Балташ Тұрсынбаев - Балташ ағасыз өткен 40 күн...

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық