Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

Олжас Қасым

  • 13.05.2021

Алматыдағы Қытай консулдығының алдында 93 күн наразылық акциясын өткізген адамдар сот үкімімен келіспейді. Қалалық әкімшіілк соты төрт адамға айыппұл салған болатын. Олар: Байболат Күнболатұлы 147 мың теңге (50 АЕК), Жеңіс Зарқан 102 мың теңге, Алмахан Мырзанқызы 61 мың теңге, Нұрзат Ермекбайқызы 87 мың теңге (30 АЕК) төлеулері тиіс.

«11 мамырда жетеуімізді полиция бөлімшесіне апарды. Рұсат етілген акция ұйымдастырдыңдар деді. Әкімшілік ескетуді елемедіңдер деп айыппұл салды. Біз Алматы әкімдігінен екі рет рұқсат сұрағнабыз. Бірақ олар рұсат етпеді.Қытайда қазаққа қарсы геноцид жүріп жатыр. Сот бізге тағылған айыпқа бір жақты қарады. Қытайда болып жатқан жағдайға мән берулері тиіс еді. Біздің не үшін шығып жүргенімізді зерттеулері керек еді ғой. Енді қалай айыппұл төлерімізді білмей отырмыз»,- дейді Байболат КҮНБОЛАТҰЛЫ Мalim.kz сайтының тілшісіне.  

Судья «Бейбіт митингі өткізу заңын бұзды» деген айыппен жазалған. Алайда, айыпты болғандар апелляция шағым түсірмекші.

«Біз соттың үкімімен келіспейміз. Қайтадан шағым түсіреміз. Қытай түрмесіндегі туған-туыстарымызды қорғауға құқығымыз жоқ па? Біз бір нәрсені қиратып тәртіпсіздік жасағанымыз», - дейді Байболат КҮНБОЛАТҰЛЫ.   

Сондай-ақ, олар Қытай консулдығы алдында наразылық акцияларын жалғастыра беретіндерін айтады.

«Біз шекеміз қызғаннан шығып жүрген жоқпыз. Менің туған ағамды имам болғаны үшін он тқрт жылға жазықсыз қамап тастады. Ертең түрмеде өліп қалса не болады? Оларды бізден басқа кім құтқарады? Кім араша түседі? Жүз күнге жуық Қытай консулдығына бардық. Бір жауап берген адам болмады. Енід 61 мың теңге айыппұл төлеңдер дейді. Оны қайдан табамын. Отбасымызда тек күйеуім ғана жұмыс істейді. Өзім ағамды ойлай-ойлай ауру болдым», - дейді Алмахан МЫРЗАНҚЫЗЫ Мalim.kz сайтының тілшісіне.  

Жалпы, Қытайдағы аз ұлттарға қатысты ақпарат әлемдік БАҚ үшін жаңалық емес. БҰҰ Қытай билігінің әрекетін айыптаған. Миллионнан аса қазақ, ұйғырлардың жазықсыз қамауда екенін мәлімдеген. Ресми Вашингтон, Канада, Ұлыбритания  Шыңжаңдағы қытай билігінің әрекетін «геноцид» деп атаған. Бейжің болса, бұл «экстремизммен күрес» деп жауап қатқан.

Фото авторы Мұратбек Кәдіржан.  

Байланысты жаналықтар

Қытай консулдығында өткен 500 күн – «Саяси лагерьдегі қазақтарға бостандық!»

22.06.2022

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

11.08.2021

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

09.07.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021

Шындықты айту да өнер!

01.05.2021

Түркияда өзбек сериалын түсірген қазақ

23.04.2021
MalimBlocks
Қытай консулдығында өткен 500 күн – «Саяси лагерьдегі қазақтарға бостандық!»

Бүгін Алматыдағы Қытай консулдығы алдына жиналған қазақстандықтар Қытайдағы «саяси лагерде» қамауда отырған туыстарын босатуды талап етті. Олардың осы талаппен консулдық алдына келіп жүргендеріне бүгін 500 күн болған.

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

Министр Райымқұлова – ойыншық

Шындықты айту да өнер!

Түркияда өзбек сериалын түсірген қазақ