Кеңес Рақышевтің Ұлыбританиядағы ұстара бизнесі

Елнұр Бақытқызы

  • 17.05.2021

Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізіміне кіретін Кеңес Рақышевті көпшілік қаржы және инвестиция саласындағы бизнесмен ретінде біледі. Алайда көпшілік Кеңес Рақышевтің Ұлыбританияда ұстара бизнесі бар екенін біле бермейді.

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі, бүгінде зейнетке шыққан Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы "Fincraft" инвестициялық үйі" АҚ-ның 50 пайызына, "Fincraft Resources" АҚ-ның 95 пайызына және БТА банкті басқаратын, БТА активтерін қайтарумен айналысатын "Fincraft Group" ЖШС-ның 100 пайыз акциясына иелік етеді. Рақышевке Румынияда алтын өндіретін Romaltyn Mining SRL және  Romaltyn Exploration SRL компаниялары  тиесілі. Forbes Kazakhstan Кеңес Рақышевтің дәулетін 890 миллион долларға бағалаған.

2010 жылдары Кеңес Рақышев бизнестегі позициясын күшейтіп, ел іші мен шетелде қаржы құюға болатын бизнесті іздей бастаған. Қытай, Түркия мен елде ферроқорытпа, хром никель өндіретін зауыттар сатып алып, SAT&Company холдингінің басты акционері атанды.

АҚШ-та жоғары технологияларлық  Net Eement компаниясының акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы болды, 2012 жылы осы компания NASDAQ-қа шықты.

Рақышев венчур саласындағы бизнеске ақшасын құйып, 2013 жылы "Астана қаржы банкінің" акционеріне айналды.

Қаржысын әртүрлі салаға инвестициялаған Рақышев осы кезде ақшасын салуға болатын шағын әрі инновациялық бизнесті іздей бастағандай. Бұл уақытта Рақышев әзірге блокчейн технологиясымен жұмыс істейтін смартфон мен компьютер жобасын бастай қойған жоқ.  Бірақ әртүрлі салада бизнес жүргізіп көрген Кеңес Рақышев бұл жолы Англияда ұстара шығаратын шағын бизнеске азын-аулақ ақша салып көрмек болды.  Сөйтіп, 2013 жылы британдық өзге үш бизнесменмен бірігіп, әрқайсысы небәрі 100 фунттан құйып,  Evoshave limited компаниясын құрды.

Evoshave Limited компаниясының 50 пайыздан астам акциясы Кеңес Рақышевке тиесілі

Лондонда қырынуға арналған бұйымдарды шығаратын шағын ғана Evoshave limited компаниясына Рақышев тікелей өзі емес,  БТА банк сатып алған Сингапурда тіркелген Novatus Holding Pte Ltd арқылы иелік ете бастады. Әлбетте, Evoshave limited  дәл инвестиция саласындағы ірі бизнес тәрізді табысты болмаса да, ірі акционердің нан-тұзын ажыратуға жететіндей табыс береді. Қырынуға арналған бұйымдардың дизайнын жасап, бұйымдарды сататын Evoshave limited-тің ағымдағы таза активтері 2019 жылы 2 миллион фунт стерлингтен асты.

Кеңес Рақышев 2013 жылдан бері Evoshave limited компаниясы директоры қызметін атқарады. Компанияның одан өзге тағы бес директоры бар. Алайда Ұлыбританиядағы бизнес реестріндегі мәліметке қарағанда, Кеңес Рақышевке Evoshave limited-тің кемінде 50 пайыздан астам үлесі тиесілі.

Evoshave limited  2012 жылы құрылған. 2019 жылы Evoshave limited-тің ағымдағы жалпы активтері 2 млн фунт стерлингке жеткен, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 784 млн фунт стерлингке тең болған. Яғни компанияның активтері бір жылдың ішінде үш есеге жуық өскен.

Evoshave сайтына қарағанда, компания ерлер мен әйелдерге арналған тұтқасы жоқ, сұқ және ортаңғы саусаққа кигізілетін арнайы ұстаралар шығарады. Бір ұстара құны шамамен 5 фунт шамасында.

Әрине, алтын өндіру мен инвестиция саласында қыруар табыс тауып жүрген Кеңес Рақышев үшін ұстара мен қырынуға арналған бұйымдар шығару хобби тәрізді шағын бизнес екені түсінікті. Десек те құжаттарға қарағанда, осы шағын бизнестің акционері атану үшін Рақышевтің Novatus Holding Pte Ltd компаниясы 1,4 миллион фунт құйған. Осылайша 2013 жылы небәрі 100 фунт стерлинг құюдан басталған компания бүгінде табысты бизнеске айналды, оның акционерлері де көп. Алайда олардың ішіндегі ең ірісі – Кеңес Рақышев.

Мақаланы көшіріп басуға болмайды.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

10.08.2023

Тасмағамбетовтің миллиардер күйеу баласы Мәскеудегі сарайын сатпақ

17.02.2023

Жұрт күткен Тасмағамбетов, үнсіз қалған Әбілов – Президенттікке кандидаттар анықталды

11.10.2022

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

08.09.2021

Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

18.06.2021

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021
MalimBlocks
Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.

Тасмағамбетовтің миллиардер күйеу баласы Мәскеудегі сарайын сатпақ

Белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев Мәскеу маңындағы аумағы 841 шаршы метр үйін сатуға қойыпты.

Жұрт күткен Тасмағамбетов, үнсіз қалған Әбілов – Президенттікке кандидаттар анықталды

Президент сайлауына кандидат ұсыну тоқтатылды. Талапқа сәйкес 11 қазан күні 18:00-ге дейін ұйымдар мен бірлестіктер өз кандидаттарын ұсынып үлгеруі керек. Кім үлгерді, кім бұғып қалды?

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?