Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 18.05.2021

Арыс халқы жарылыстан кейін берілген өтемақысын әлі күнге дейін ала алмай жүр.

Арыс қаласының халқы 2019 жылы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардабын әлі көріп жатыр. Халық жарылыс салдарынан қирған жеке үйлері мен бизнес нысандарын қалпына келтіруге берілетін өтемақыны 3 жылға жуық уақыт өтсе де, әлі күнге дейін ала алмай жүргендерін айтады.

Жарылыстан кейін үйі мен бизнес нысаны қирап қалған Ұбайдулла Сүлейменов сөзінше, өзіне тиесілі қаржыны ала алмай жүрген адамдардың саны қанша екені белгісіз. Ол жергілікті әкімдік тізімді көрсетпейді және әркезде әртүрлі  сан айтады.

«Әкімдік біресе 17, біресе 18, біресе 20 адам дейді. Мейлі 20 адам бола қойсын. Бірақ сол 20 адамның өзіне беріп болатын уақыт болды. Біз тізімде нақты қанша адам бар екенін білмейміз. Бизнес нысандар бойынша 48 адам әлі өтемақысын алған жоқ. Арыстан 10 шақырым жерде менің інім тұрады. Үйі бытшыт болған. Әлі берген жоқ ақшасын. Былтыр 2 миллион ақша жинап, екі бөлмелі үйін салып бердік... Бұлар менің қирған бизнес нысанымды бағалап, 21 миллион теңге беру керек болған. Бірақ 12 миллион береміз деді. Уақыт өтіп бара жатқан соң жарайды деп келістім. Үйім жарылып, қирап әлі тұр», - дейді Сүлейменов.

Ұбайдулла Сүлейменовтің айтуынша, жарылыстан кейін салынған жаңа үйлердің өзінің сапасы сын көтермейді.

«Арысты жарылыстан кейін 17 секторға бөліп тастаған. Басқасын айтпай ақ, мен өзімнің секторымнан үйлердің қалай салынанын сіздерге көрсете аламын. Үйдің бір жағын батпақ кірпіштен, енді бір жағын күйген кірпіштен салған. Сөйтіп үй сала ма? Арысқа келсеңіздер мен сіздерді ертіп апарып көрсетуге дайынмін... Сотқа бергенбіз, бірақ ол әзір бітпейді. Жеті ай тергеуі болды. 11 айдан асты сот әлі жүріп жатыр. Маусымның 11-і күні соттың басталғанына бір жыл болады. Оның да әлі нәтижесі жоқ.», - дейді ол.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскер  бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған. Салдарынан бір адам көз жұмып, 36 адам жарақат алған. Тұрғын үйлердің 85 пайызы қирап, 20-ға жуығы жанып кеткен. Жарылыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын премьер-министр Асқар Маминнің өзі барып көрген. 

 

Байланысты жаналықтар

Кентауда үйлерді су басып қалды: Әкімдік не дейді

16.04.2024

«Жұмысым солай»: СҚО-да қайтыс болған құтқарушының жесірі пікір білдірді

05.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысына көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды

04.04.2024

Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтамақ болды

19.03.2024

Мектептегі былықты жасыру үшін 26 млн теңге пара берген

13.07.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023
MalimBlocks
Кентауда үйлерді су басып қалды: Әкімдік не дейді

ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері суды сору және бұру жұмыстарын жүргізді.

«Жұмысым солай»: СҚО-да қайтыс болған құтқарушының жесірі пікір білдірді

Зейнетке шыққанға дейін күн санап жүрген.

Солтүстік Қазақстан облысына көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке келген түркістандық құтқарушы кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.  

Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтамақ болды

Мектептегі былықты жасыру үшін 26 млн теңге пара берген

Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара берген,- деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.  

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады