Министр Райымқұлова – ойыншық

Malim Админ

  • 20.05.2021

«Жаңа Алаш» ютуб каналына белгілі кинорежиссер, жазушы Ермек ТҰРСЫНОВ сұхбат берді. Мalim.kz сайты сұхбаттың кейбір тұстарын беруді жөн санады.

«Мен бүкіл кінәні министр Ақтоты Райымқұлованың мойнына артып тастағым келмейді. Ол да біздің саяси жүйенің ойыншығы. Ол кісінің өзіндік пікірі жоқ. «Қисық арба жол бұзар» дейді ғой. Дөңгелегі түскелі тұр. Біз сол арбамен келе жатырмыз. Барлық мәселе тек Райымқұловаға тіреліп тұрған жоқ. Ол бұйрықты орындайтын «солдат». Ойланбайды. Бұйрық түсті ме, соны орындай береді. Ең өкініштісі, ол соны мойындамайды. Өйткені ол кісіде оны түсінетін сана мен білім жоқ. Ішің күйеді. Ал біздің заманда шындықты айту – экстремизм. Әр ауылдың өз жындысы бар ғой. Сол жынды болып жүрмін», - деді Ермек Тұрсынов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Ермек КӘРІМЖАНҰЛЫ елдегі мәдени саланы өткір сынап келеді. Алайда, әзірге мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берер емес. Керісінше экс-министр Ермұхамед ЕРТІСБАЕВ тіс жарды.

«Ертісбаевқа жауап беруге мәжбүр болдым. Ол мен жайлы тақырыпты сериалға айналдырып жіберді ғой. Апта сайын бір сериясын шығарады. Бірінші рет қарамадым. Екінші рет мән бермедім. Сосын айналамдағылар «анау ит босатылып кетіпті ғой, байламайсың ба» дегендей айтты. «Бәлелі к.тке саусағыңды тықпа» деуші еді. Қайтем енді. Тығуға мәжбүр болдым», - дейді режиссер.

Сондай-ақ, «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасында режиссер кино саласына қатысты ойларымен де бөлісті.

«Өнер тапсырыстан тумайды. «Томирис» – кино емес. Ол жерде тек саясат бар. Бүгінгі күннің ханшайымдары сақтың жауынгер билеушісі туралы естіп алып, өздерін Томирис сезініп жүр. Томиристің сауытын киіп көргілері келеді. Бірақ оны көтере алмайтындары ойларына кіріп шықпайды», - дейді Ермек Тұрсынов.    

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экс-мүшесі Тұрсынов елдегі саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты пікірлерін де білдірді.

«Биыл Қазақстанның азаттығана отыз жыл толды. Бірақ бұл дата мен үшін мереке емес. Тойламаймын. Не үшін тойлаймын? Нені атап өтеміз? Отыз жылда ауылды құрттық. Мен кино түсіріп жүріп Қазақстанды екі рет айналып шыққан адаммын. Барлық қиыр аудандарда, қазақша айтқанда, ит өлген жерлерде де болдым. Қайдағы өркениетті отыз елдің қатары. Сусыз, жолсыз отырған қаншама ауыл бар. Жаркент жақта «Шырақшы» деген кино түсірдім. Таныған соң мейірбан ауыл халқы қонаққа шақырады. Бірде қонақта отыр едік. Теледидардан ЭКСПО-ның ашылуын көрсетіп жатты. Дамыған Қазақстан туралы әңгімелер кетті. Кенет электр жарығы өшіп қалды. Үй иесі бензинін құйып, баяғы қойшылардың дарылдақ моторымен светін қосты. Теледидардағы сол дамыған Қазақстан жайлы әңгіме әлі бітпепті. Бұны көрген ағайын Қазақстан үшін қуанып жатыр. Айналасында болып жатқан дүниеге назар аудармайды. Біздің биліктің бағы бес елі ғой. Осындай момақан елге басшы болып отыр. Біздің орнымызда америкалықтар немесе немістер болса, бір күн де шыдамас еді», - деді Тұрсынов.

Сұхбаттың видео нұсқасы төменде.

 

Байланысты жаналықтар

Е. Тұрсынов: "Әл.желідегі парақшаларымды жауып тастады"

04.02.2022

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

01.01.2022

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

23.09.2021

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

12.08.2021

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

11.08.2021

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

09.07.2021
MalimBlocks
Е. Тұрсынов: "Әл.желідегі парақшаларымды жауып тастады"

Кино әлемінде ерекше туындыларымен көзге түсіп, дара жол сала білген режиссерлардың бірі – Ермек Тұрсынов. Халықаралық кино фестивальдерде қазақтың атын шығарған тұлғаның ұраны - еркіндік, іздегені - шындық. Еңбек жолын қарапайым тілшіліктен бастап, бүгінде Қазақстан кинематографистер одағының төрағасына айналған.

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

Есімі елге кеңінен белгілі, өнерін халық іздеп жүріп көретін актер Бекжан Тұрыс Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке өте орынды ұсыныс жасап отыр

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

Болат Атабаевпен екінші сұхбат