Шымкентте жеке меншік мектептер ақысыз білім беруде

  • 04.05.2021

Шымкент қаласына жұмыс сапармен келген сенат депутаттары «Әл-Фараби» атындағы мектептің жағдайымен танысты. Жалпы бұл ғимарат бұрын мейрмахана болған еді. Бірақ, осы жылдың басында жеке меншік мектепке айналған. Мұнда қазір 1300 бала білім алып жатыр. Сенаторларды қызықтырғаны кәсіпкерлердің той бизнесінен білім беру саласына көңіл бөле бастаған бастамасы болса керек.

Сенаторлардың сұрақтарына жауап берген қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева биыл шаһарда 32 мектептің құрылысы басталғанын тілге тиек етті.

–Шаһарда 35 жекеменшік мектеп бар, оның 29-ы ақысыз оқытуда. Яғни, жан басына қаржыландырумен білім беріп жатыр. Қалған 6-ы ақылы. Олардың қосымша ақылы білім ұсынып, ақысын көбейтуге мүмкіндігі есебінен сабақты түс қайта ұзарту мүмкіндігін жасап отыр.

Бұдан бөлек, 14 үш ауысымды, 1 апатты мектеп бар. 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 20-сы пайдалануға берілді. Төртеуі мемлекеттің, қалған 16-сы инвесторлардың есебінен салынып жатыр. Алдағы бес жылдықта жаңадан 72 мектеп салып, 68 500 орынмен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Ал мектебі жоқ елдімекен саны 13-тен 11-ге түседі деп отырмыз, - деді Ж.Тәжиева.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы