Шымкентте вакцина алушылар көбейіп келеді  

  • 05.05.2021

Бүгінгі күнге дейін Шымкентте 130 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Және коронавирусқа қарсы екпе алатындардың қатары соңғы күндері арта түскен. Шымкент қалалық әкімдігінің мәліметінше,  егу науқаны басталғалы шаһарда барлығы 130 мың 140 адам вакцинацияланған. Өткен тәулікте қалада 11 мың 218 адам вакцина алған, оның 5983-і I компонент, 5235-і II компонент . Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар екен. Төсек-орын толымдығы – 51 пайыз, 683 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқарып жатыр. 4 мамыр күні 270 нысанға (266 кәсіпкерлік нысан, 4 жеке нысан) тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 8 нысанға карантин режимі талаптарын бұзығандарыүшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Ал дәрігерлер тұрғындарға медмасқа тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырып жатыр. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айтады.

Вакцина егу жұмыстарын ұйымдастыру ісінде өткен аптадан бастап Шымкентте егу пунктерінің жұмысы түнгі 24:00-ге дейін ұзартылған.

Қала бойынша 45 екпе егу пункті ашылған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024

АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі мысық туралы кітап жазды

04.04.2024

Түркі елдерінің қолөнершілері «Наурыз базарында» табысты

24.03.2024

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024
MalimBlocks
Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі мысық туралы кітап жазды

АҚШ президенті Джо Байденнің жұбайы Джилл Байден балаларға арнап «Уиллоу – Ақ үйдегі мысық» (Willow the White House Cat) атты кітап жазып шықты. Бұл туралы Америка дауысы агенттігі хабарлады.

Түркі елдерінің қолөнершілері «Наурыз базарында» табысты

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні