Әлеуметтік кәсіпкерлік – қамқорлық, игілік, табыс жобасы

  • 06.05.2021

Елімізде соңғы жылдары әлеуметтік кәсіпкерлік кеңінен дамып келеді. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау, ондай жандарға материалды, рухани көмек беру, қолдау көрсету және жұмыспен қамту істері Шымкент қаласында да қолға тиімді атқарылып келеді.  

Мәселен, бүгін Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың заң жобасын талқылауға арнайы дөңгелек үстел ұйымдастарды. Жиынға қаладағы бірқатар кәсіпкерлер қатысты.

– Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі – бұл қызметтің кәсіпкерлік сипаты қоғам үшін пайда табуға бағытталған. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына халықтың қызығушылығы артуда. Бұл жоба инвесторларға өте тиімді, қаржыларын қайырымдылыққа бағыттағаннан гөрі оны бизнеске салып, мемлекеттен түрлі жеңілдік алады. Соның бірі – бұл мүлік салығын төмендету, сондай-ақ салық салынатын кірісті азайту, – деді басқарма бөлімінің басшысы Қуаныш Аханов.

 

Шымкентте әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер баршылық екен. Заңнамаға сәйкес, әлеуметтік осал топ қатарындағы азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шараларына қатысуға басым құқыққа ие болады.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек балалардың ата-аналары мен қамқоршыларына, зейнеткерлер мен зейнеткерлік жас алдындағы азаматтарға, 29 жасқа дейінгі балалар үйінің түлектері мен аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасылар қатарындағы әйелдер, соңғы 12 ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар мен нашақорлықтан емделген азаматтарға қолдау көрсетіліп, жұмыспен қамтулары негізгі шарттардың бірі болуы мүмкін.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды