Перуашевтің «памятнигі»

Олжас Қасым

  • 25.05.2021

Facebook әлеуметтік желісінде «Назарбаевқа қойылатын ескерткіш» деген фото тарап кетті. Бір қарағанда тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА ұқсағанымен ескерткіштегі бейнеден «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат ПЕРУАШЕВТІҢ сұлбасын көруге болады.

Мәселен  facebook әлеуметтік желісін қолданушы Нұрбек ТҮСІПХАН:  «Ақжолдың»  «Нұр Отанға»  ұқсағаны сияқты Назарбаевқа арналған ескерткіш Перуашевқа да ұқсайды екен, - деп жазды өзінің парақшасында.

Әзірге қайда қойылатыны белгісіз ескерткішке қатысты Мalim.kz сайтының тілшісі депутат Азат Перуашевқа хабарласқан еді. Алайда мәжілісмен телефонын алмай қойды.  Бірақ Перуашев мырза Telegram әлеуметтік желісінде көпшіліктің сұрағына жауап бергендей болыпты.

«Желілерде жарияланған суретке байланысты түсетін сұрақтарға мынаны хабарлаймын. Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған жұмыстарының бірінің қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын. Қалғанының барлығы-әлдекімдердің сандырағы. Сәттілік тілеймін», - деп жазды Перуашев.

Мәжіліс депутатының сөзін түсінбедік. Сонда бұл Шәмші ҚАЛДАЯҚОВҚА арналған ескерткіш пе? Депутат нені сандырақ деп тұр? «Мүсінші ағамыз жасаған жұмыстарының бірінің қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын»,  деп тұр ғой. Яғни, Перуашев нақты бұл ескерткіш Шәмшіге арналды деп тұрған жоқ қой. Мәжілістегі «оппозициямыздың» жауабына көңіліміз толмаған соң «ұл жанашыры» деген атағы бар «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек ИСАҒА қоңырау шалдық. Бірақ ақын депутатымыз да телефонын көтермеді.

Мalim.kz сайтының тілшісі мүсінші Тілеуберді БИНАШЕВКЕ қоңырау соқты. Мүсінші телефон тұтқасын көтергенімен сұрағымызды соңына дейін тыңдамай жатып «мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын» деп байланысты үзіп жіберді.

Ал бейресми дереккөздері бұл ескерткіш Перуашевтің Түркістан қаласына жасап жатқан сыйлығы  дейді.  

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.