Мәмин өзін күткен автобусқа мінбей кетті

Malim Админ

  • 25.05.2021

Үкімет басшысы Асқар МӘМИННІҢ Шығыс Қазақстан облысына сапары түсініксіз, тұманды күйде өтіп кетті. Рас, премьер-министрдің қайда барып, қай нысанда болып қайтқаны туралы оның баспасөз қызметі ертеңіне барып, егжейлі-тегжейлі ақпарат берген сыңай танытқанымен, халықтың көкейінде не үшін келгені жұмбақ болып қала берді. Риддерде таяуда болған өртттен зардап шеккен отбасыларға барғаны,  Аягөз ауданына жолай ат басын бұрып, жауыр болған «Талдықорған – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай» және «Үшарал – Достық» бағытындағы көлік жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасымен танысқаны, тағы да басқа нысандарда болып, «аймақтың даму» жайын өз-көзімен көріп қайтқаны атқарушы биліктің жоспарлы ісі саналғанымен, сапар негізінен бұқара халықтың өмірінен алшақтығымен есте қалғаны анық.

 

«Семей қаласында премьер-Министр «Qazaq astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытының күнбағыс тұқымын қайта өңдеу желісінің жұмысын іске қосты. Инвестицияның жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты – тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс/зығыр тұқымын қайта өңдеу. Кәсіпорында 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Зауыт ҚР-ның өсімдік майына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді, оның өнімдері сыртқы нарықтарға да экспортталатын болады», - деп мәлімдеді Семейге ат шалдырған кезі туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі.

 

Алайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Семей қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қандай істер атқарылғаны, қандай жобаларды жүзеге асыру қолға алынғаны туралы ақпаратты емге де таба алмадық. Жоғарыда айтылған ««Qazaq astyq group» кәсіпорнының Семей қаласының шет аймағына жататын Шығыс кентінен («Восточный») арыда орналасқаны жергілікті жұрттың наразылығын туғызғанына күмән жоқ. Өйткені, А. Мәминнің сапары дүйсенбі күні (24 мамыр) таңертең жұмысқа асыққан жұрттың жүйкесіне тиді. Шығыс кентінде аялдама сайын қаптаған полейцейлер мен «Ұлттық Ұлан» сарбаздары айналаны түгел бақылап, көлденең өткен кісі көрінсе, көлеңкеге қамап ит әуреге түсті. Тап соның бір көрінісін 2 және 3 саяжай аралығындағы «Развилкада» орын алды.

Ең сорақысы сол, кезекті бағыттар бойынша шыққан автобустардың жүрісі тоқтатылып, қозғалыстағыларын тап осы тұсқа келгенде бағытынан басқа жаққа бұрып жіберіп, жол полицейлері Асқар Мәминнің жолында «ақтық демі қалғанша» арпалысты да қалды. Бұл, әрине, Ақордадан ұлық келсе, жұрттың дегбірін алатын үйреншікті жайтқа айналғандықтан, назар аудармасқа болатын да еді. Ел қатарлы аялдамада тұрғанымда «Semey Bus» ЖШС иелігіндегі автобустың бүйіріндегі «Аскар Узакпаевич, мы Вас ждем!!!» деген жазуымен ұрандатып өтіп бара жатқанына көзім түсті.

Бір қызығы тап сол сәтте ысқырығы мен дабылын кезек қосып, дабырлап жүрген погондылардың көз алдынан өтіп бара жатқан қоғамдық көліктің жолына ешкім көлденең тұрып үлгермеді. Автобус Мәмин келуі мүмкін бағыттағы «Таймас» аумағын бетке алып ары қарай жылжып кетті.

Таңғы 8-ден басталған мұндай қолайсыз ахуал жарты сағаттан астам уақыт алды. Жай уақытта жалаңдап келе қалатын такси жүргізушілері де таптырмай қалды. Ал, полицейлер мен «ұландықтар» Асқар Ұзақбайұлын қарапайым халықтан қалқалағанымен қоймай, өтіп кеткенше оларды күнделікті жұмыс уақытынан қалдырып, «бір жасап» қалды. Ал, бүгін Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде тығырыққа тірелген «Semey Bus» ЖШС өкілдерінің оны асыға күткендігі туралы ешқандай мәлімет айтылған жоқ.

Сәтжан Қасымжанұлы,

Семей қаласы

Байланысты жаналықтар

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024
MalimBlocks
Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.