Лукашенкода екі-ақ таңдау қалды

Malim Админ

  • 27.05.2021

Әр нәрсенің өз құны бар. Журналист Роман ПРОТАСЕВИЧТІ тұтқындағаннан кейін Беларусь оның геосаяси салдарын тартады. Бұндай пікірді Грузияның экс-президенті Михаил СААКАШВИЛИ білдірді.

Украина Ұлттық реформа кеңесі атқарушы комитетінің басшысы Саакашвили Александр ЛУКАШЕНКОНЫҢ екі-ақ таңдауы бары дейді. Біріншісі Ресей Федерациясының құрамына кіру. Екіншісі болса биліктен айрылу.  

«Ұшақты күштеп Минскіге қондыру дегеніңіз бұл терроризм. Еуропа қазір барлық бағыттағы рейстерді тоқтатуда. Ал ресми Минск шетелдік дипломаттарды қуып жатыр. Бұл қарапайым халыққа әсер етеді. Осылайша Лукашенко өзін-өзі тығырыққа тіреді. Енді Путиннің дәргейіне бас ұру қалды. Немесе билікпен қоштасуы керек. Мемлекеттің жасаған террорынан адамдар емін-еркін жүруден қалды», - деді саясаткер Саакашвили.

Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда Ryanair әуе компаниясының Грекиядан Литваға бара жатқан ұшағы Минскіге қонуға мәжбүр болған. Ресми Минск әскери ұшақпен Ryanair-дың самолетының бағытын өзгерткен. Осылайша FR497 рейісте бомба болуы мүмкін деп NEXTA Live Telegram арнасының негізін қалаушылардың бірі, журналист Роман ПРОТАСЕВИЧТІ тұтқындады. Журналист президенттік сайлаудан кейінгі жаппай митингілерден ақпарат таратып, үйлестіру жұмысымен де айналысқан. Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жолаушылар ұшағын қондыру туралы бұйрықты президент Александр ЛУКАШЕНКОНЫҢ өзі берген.

Фото: sputnik-georgia.ru

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.