Қамалған депутат "Nur Otan"-нан шығарылды

Malim Админ

  • 27.05.2021

Сот шешімімен 15 күнге қамалған депутат «Nur Otan»-нан шығарылды.

«Мас күйінде көлік жүргізді», «полиция талабына бағынбады» деп айыпталған Павлодар облысы мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев «Nur Otan» партиясынан шығарылды. Билік партиясының облыстық бөлімшесінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, мамырдың 26-ы күні партияның саяси кеңес отырысы өтіп, Қайрат Әбішевті партиядан шығару шешімі қабылданған.

«Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару» заңының 20-бап 3-тармақ 3-1 бөлігіне сәйкес, депутаттық өкілеті кезектен тыс тоқтатылды», - делінген мәлімдемеде.

Қайрат Әбішев 25-ші мамыр күні сот шешімімен 15 күнге қамауға алынып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Оған «полиция талабын орындамады» және «мас күйінде көлік жүргізді» деген айып тағылған.

42 жастағы кәсіпкер 2016 жылдан бері Павлодар облысы мәслихатының депутаты. Биыл да «Nur Otan» партиясының атынан мәслихатқа өткен.

Байланысты жаналықтар

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

27.03.2024

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

20.03.2024

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

13.03.2024

«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Депутат Саясат Нұрбектің сөз саптауына сүйсінді   

06.03.2024

Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты атанды

06.03.2024

Экс-депутат мәжілісмендердің тәртібін сынады

18.02.2024
MalimBlocks
Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Депутат Саясат Нұрбектің сөз саптауына сүйсінді   

Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты атанды

Экс-депутат мәжілісмендердің тәртібін сынады

Отырыста болған оқиғалардан дөрекілік қатты байқалады