Ербол Мәндібек «El Tiregi» партиясынан кетті

Malim Админ

  • 27.05.2021

Журналист Ербол МӘНДІБЕК тіркелмеген «El Tiregi» партиясынан шықты. Бұл туралы ол facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«El Tiregi партиясынан ресми түрде кеттім.

Үш ай бұрын осындай шешім қабылдағанымды жасырмай жариялаймын. Бұның саяси, материалдық астары жоқ.

Мемлекеттің, қоғамның тұрақты дамуына мен де бір кісідей мүдделімін. Бұдан былай әлеуметтік жобалармен шұғылданамын. Қоғамның тұрақтылығын нығайтуға қатысты идеяларды іске асырамын. Ескерту: Осылайша, отбасымның, ағайын-туысымның тілегін орындадым. Маған ең қымбат адамдар. Алдағы күндері танымал ютуберлердің біріне көлемді сұхбат беремін. Сол жерде барлығын ашық, ашып айтамын. Саяси таңдауым өзгеруі де ғажап емес. Ең бастысы, мемлекеттің эволюциялық жолмен дамуына жан-жақты күш саламын. Құр айқаймен іс өнбейді. Қазақстанда оппозиция бар ма? деген сұрақтан басқасының бәріне жауап беруге дайынмын», - деп жазды Ербол Мәндібек.

Естеріңізге сала кетейік, «El Tiregi» партиясын құру бастамасын экс-депутат Нұржан ӘЛТАЕВ көтеріп жүр. Нұржан БАУЫРЖАНҰЛЫ 2017-2018 жылдары ауылшаруашылығы министрінің орынбасары,  2018-2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, 2019 жылы  «Nur Otan» партиясының тізімімен мәжіліс депутаты болып сайланды. Былтыр партия қатарынан шыққан еді.

Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.