Шымкентегі аналар мен балаларға арналған тегін курстар

Айбек Ережеп

  • 18.05.2021

Шымкенттегі аналар мен балаларға арналған тегін курстар

Шымкент қаласында аналар мен балаларға арналған тегін курстар ашылды. Атап айтсақ,тігіншілік курсы, компьютерлік сауаттылық курсы, логопед курсы т.б курстар бар.

Бұған Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты  «SHANYRAQ» орталығы көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға барынша атсалысуда.

 Әсіресе көпбалалы аналардың өз кәсібін жүргізуіне ықпал ету бағытына басымдық беріліп, баласымен бірге Орталықта түрлі курстарға қатысуына мүмкіндік жасалып отыр.

Орталықта аналар мен балаларға 6 бағыт бойынша тегін курстарға жазылу мүмкіндігі бар:

1. Тігіншілік курсы (киім, төсек жабығы, тері бұйымдарын тігу);

2. Компьютерлік сауаттылық курсы (аналарға Егов порталымен жұмысты үйрету);

3. Логопед курсы (тіл мүкістігі бар баламен жұмыс істеуге анасын баулу);

4. Массаж курсы (жас аналарға сәбиге массаж жасауды үйрету) ;

5. Сазбалшық терапиясы, қыш құмыра жасау өнері (мүгедектігі бар аналар мен балаларға);

6. Шахмат үйірмесі (5 жастан асқан балаларға).

Тігіншілік курсы – аптасына 5 күн, 3 ай оқудан кейін сертификат беріледі, жазылам деушілер 87020231189 нөміріне хабарласып жазылады.

Компьютерлік сауаттылық курсы – аптасына 5 күн, жауапты маманның нөмірі 87754657676

Логопед курсы – аптасына екі рет, 2 сағаттан, жауапты маманның нөмірі 87053660400

Массаж курсы – аптасына екі рет, 2 сағат, жауапты маманның нөмірі 87076159687

Сазбалшық терапиясы курсы – аптасына екі рет, 2 сағат дүйсенбі сәрсенбі күндері, жауапты маманның нөмірі 87753267788

Шахмат үйірмесі – аптасына екі рет, 2 сағат, жауапты маманның нөмірі 87470493601

Байланысты жаналықтар

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.