«Азия чемпионатында бұрынғы Бекзатты көре алмадық»

Олжас Қасым

  • 29.05.2021

Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан ЫБРАЙЫМОВ әлем чемпионы Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВТЫҢ жеңілісіне қатысты пікір білдір. Маңғыстаулық боксшы Азия чемпионатының алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды. Ол турнирді ¼  финалдық кезеңнен бастаған еді.

«Бекзат рингке психологиялық тұрғыда шаршаған. Ол әр жекпе-жекке жеңіске деген құштарлық арқылы жететін. Екінші раунта қосатын. Бұл жолы оны байқамадық. Орысша айтқанда жекпе-жек «на тихой волне» өтті. Бұрын үш раунды соңына дейін ойнайтын. Бұрынғы Бекзатты көре алмадым», - дейді бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Мalim.kz сайтының тілшісі.

Қазақ боксшысы Иран боксшысы Мейсама ГЕШЛАГИМЕН  жұдырықтасып үш раунд қорытындысы бойынша 4:1 есебімен есе жіберген. 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жарыстың фавориті еді. Ермахан САҒИҰЛЫ Токио олимпиадасына да  81 келі салмақта алтын медальдан басты үміткер болып бара дейді.

«Бекзат мінезді боксшы ғой. Алда Токио олимпиадасы бар. Бір жағынан басты доданың алдында жеңілген де дұрыс шығар. Бұны боран алдындағы тыныштыққа жориық», - деді Ермахан Ыбрайымов.

Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында бес қазақ боксшысы финалға шықты. Олар: Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91 келі) және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек ҚОҢҚАБАЕВ.

Фото: total.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.