Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

Қазақ жазуы әлемдегі басты әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік.

Malim Админ

  • 29.05.2021

Қазақ жазуы әлемдегі басты әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік.

Басқа тілдер сияқты біз де түпнұсқа әліпбидегі таңбаларды толық қабылдау/қабылдамау, әріптердің мәнін сақтау/сақтамау деген проблемаларға тірелдік. Бірақ қай жазу кезеңінде болсын, тілдегі дыбыстардың барлығына әріп арнаған, «бөгде» әліпбиден «өзіміздің» әліпби жасап алған, жазуына аса мән берген, біршама уақыт өтсе де дұрыс, жетілген әліпби жасауға ұмтылатын, жасап алатын ұлт болдық.

Тілдің болашағын ұлттың болашағына байлайтын, оны жазуымен бекітетін өзге ұлттық тілдерден қалысқан жоқпыз. Өйткені жазба мәдениетіміздің басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әліпби жүйесі тұрды. Қазақ «байқаусызда» латынға өтсе де, кирилге зорлықпен таңылса да А.Байтұрсынұлының жүйесінен тайқыған жоқ. Оның басты себебі – Байтұрсынұлының әріп графикасының тілтанымдығынан еді: ұқсас дыбыстардың таңбалары араб әліпбиіндегі базалық әріптен шығарылды. 1912-1922 жылдары «жарты дауысты» және дауыссыз у мен еріндік дауыстылар – о-ө, ұ-ү дыбыстары бір ғана «» таңбасымен таңбаланған. 1923 жылғы кезекті реформадан кейін «у» жарты дауысты дыбысты таңбалау үшін «» таңбаның үстіне үш нүкте қояды да, «» (у) таңбасын жасайды, «ұ» әрпін үстіне «՚» белгісін қойып «ۏ» жасайды. Жіңішке дауыстылар дәйекше – «» арқылы реттеледі. Сонда 5 фонема  (у),  (о), ﺀﻭ (ө), ۏ (ұ), ﺀۏ(ү) болып айқындалып,  бес түрлі таңба өрбітіліп шығарылады. Яғни араб әліпбиіндегі бір у әрпінен қазақ тіліндегі 5 дыбысты таңбалайтын әріптерді «балалатып», ұқсас дыбыстар ұқсас әріптермен белгіленген соң көзшалымға бірден танымды, көзге ұсынақты болған. 

Сөйтіп, Байтұрсынұлының әліпбиі ықшам, оңтайлы, тілтанымдық, сондықтан жеңіл әліпби боп шыққан.

Латын әліпбиіне ауысқанда да Байтұрсынұлының өзі болмағанмен, идеясын, салып кеткен жолын алып, тілтанымдық әліпби жасадық. Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарының таңбасы ұқсас дыбыстардың әрпінен шығарылды:1) ә әрпі е жіңішке дауыстысының төңкерілген таңбасы, 2) ө таңбасы о әрпінің белі сызылған түрі, 3) ƣ (ғ) ұяң дыбысын қатаң q (қ) әрпін өзгертіп таңбаладық; 4) ы дыбысын і әрпінің графикасын дөңгелендіріп аяқтадық (ь), ш дыбысына с таңбасын берді де, 5) ш дыбысының ұяң түрі ж дыбысына с таңбасын өзгертіп бердік (ҫ), 6) ң дыбысын n әрпіне ұқсатып, ŋ-мен таңбалады. Ұқсас дыбыстар ұқсас әріптермен таңбаланғаны оқытуда, сауат ашуда оңай болған, әліппені тез үйренген, ал оқуда тез танылған, жазуда қолды үзбей жазған. Тек ұu, үy, уw дыбыстарының таңбасы үш түрлі болған.

1929 ж. жазу ықшам, оңтайлы, жеңіл жазу болған. Бұл  Байтұрсынұлының жетілген, «үлгі әліпбиінің» арқасы еді!

Бұл – 1940 жылы орыс әліпбиіне көшкенде де үлгі болды: қ дыбысы к әрпінің аяқ салынған түрі, ғ дыбысы г әрпінің белі сызылған түрі, ң дыбысы н әрпінің аяқ салынған түрімен бейнеленіп, ө мен ә дыбыстары латындағы түрін сақтады, ұ мен ү дыбысы еріндік у дыбысының таңбасынан шығарылды.

Қазақ жазуы қашан да бір дыбысқа бір әріп арнаған, ортақ түркі әліпбиінің шарттарын сақтаған әліпби түрлерімен жазған. 1929 жылғы латын әліпбиін де, 1940 жылғы кирил әліпбиінде де ортақ келісілген таңбалардан өзгені пайдаланбаған. Ноғай жазуы сияқты ә дыбысын аь, қ дыбысын къ, ң дыбысын нъ, ө дыбысын оъ, ұ дыбысын уь, ғ дыбысын гъ әрпімен беріп жазуын ұзартпаған. Немесе қарашай жазуындай гъ (ғ), къ (қ), нг (ң)қосар әріптермен қатар, орыс тілінің таңбаларымен төл дауыстыларды беріп, елді шатастырмаған: е (ө), ю (ү), и (і).

Қазіргі кирил әліпбиіндегі жазуымыз – Байтұрсынұлы қалаған негізбен фонологиялық жүйені толыққанды таңбалай алған, орфоэпиямызға сызат түсірмеген жетілген, оңтайлы, жеңіл, үлгі жазу (тек орфоэпияға мән берілмеудің салдары болмаса). Әліпбидегі и, у, ю, я таңбалары жазу үнемділігін жасаған. һ әрпі, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов айтқандай, төл сөздерде болмаса да, одағайларда кездесетін дыбыс, Н.Уәлиұлы айтқандай, кірме сөздердегі бейүндес буынның жігін жымдастыру қызметінде жұмсалатын маркерлі әріп (Ахмет, жићаз т.б. сөздерде буындардың жіңішке/жуан айтылуына сілтеп тұрады), сондықтан қай жазудан да қалмай таңбаланып келген. Әсіресе одағайларды жазу үшін жаңа әліпбиде де х әрпін қосақтап таңбалап отыр.

Сөйтіп, Байтұрсынұлы төте жазуынан бастап қазақ ұлты жетілген, жақсы әліпбидің иесі болып келеді. Сондықтан ендігі жаңа жазуда да академик Ә.Қайдар, профессорлар Ә.Жүнісбек, К.Хұсайын, Н.Уәли және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдары ұсынған тілтанымдық әліпбиде де ұқсас дыбыстар ұқсас әріптермен таңбаланады: дауысты дыбыстар жүйесінің жіңішке жұбы базалық әрпінен умлаут арқылы ажыратылады (а-ä, о-ö, u-ü), дауыссыз, дауысты еріндіктер (у, ұ, ү) латын әліпбиіндегі u әрпінен шығарылады: ü, ū.  Ал  і дыбысы латын әліпбиіндегі і әрпіне ұқсатылып, ортақ түркі әліпбиіндегі жуан езулікті беретін нүктесіз ı әрпімен берілген. Дауыстылар жүйесінде тек ы мен і әрпінің таңбасы ұқсамайды. Ол тек амалсыздан, латын әрпінің жетпеуінен ғана болып отыр. Дауыссыздар ерекше белгілерімен айырылады (g-ğ, s-ş, n- ň). Сауат ашуда, тіл үйренуде жеңілдік туғызады.

Бұл жерде әртүрлі диакритика пайдаланылды деп, шошынудың қажеті жоқ. Ğ, ň әріптеріндегі айшық тек осы 2 таңбада бар, сондықтан бұл таңбалармен тұтас қабылданады. Сол сияқты ş әрпіндегі седиль диакритикасы да осы әріпте ғана қолданылып, әріптің тұтас осы белгісімен қабылдануын тездетеді.

Сөйтіп, жетілдірілген жаңа қазақ әліпбиі ортақ түркі әліпбиі базасына негізделген, қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары таңбаланатын, жазу мәдениетіне, жазу индустриясына қызмет ететін оңтайлы әліпби болып табылады. 

 

Күдеринова Құралай,

А.Байұрсынұлы атындағы Тіл білімі

институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.

 

Байланысты жаналықтар

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

22.11.2023

Депутат Қазбек Иса халықаралық құжаттың орыс тілінде жасалатынына наразы

22.11.2023

«Мұқанов Қонаевқа қарсы сөйледі». Совет үкіметінде тіл үшін күрес қалай жүрді?

10.02.2023

Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады

07.02.2023

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022

Қазақ ғылымды емес ертегі, аңыз, өтірік әңгімені жақсы көреді

08.07.2022
MalimBlocks
Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

Әрбір дамыған мемлекет әлемдік деңгейде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін жер бетінде мүмкіндігінше көбірек адамдарға үйрету, насихаттау, таныстыру және сол арқылы тілдің әлеуетін арттырып отыр.

Депутат Қазбек Иса халықаралық құжаттың орыс тілінде жасалатынына наразы

Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Қазбек Иса халықаралық құжатта орыс тілі қолданылатынана наразы болды. Ол Қазақстан мен Франция арасындағы келісім шарт қазақ, француз тілінен бөлек, не себепті орыс тілінде жасалғанын түсінбей дал. Бұған ашуланған Қазбек Иса мәжілістің мінберінде баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке депутаттық сауал жолдады. 

«Мұқанов Қонаевқа қарсы сөйледі». Совет үкіметінде тіл үшін күрес қалай жүрді?

Қазақтың тілі үшін күрестің сонау Патша үкіметі кезінен басталғанын білесіз бе? Оның басында тағы да Алаш арыстары тұр.

Қазақша мәзір сұрағандарды "фашист" деп айыптаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады

Қазақша мәзір сұраған қонақтарына қызмет көрсетпей, жеке күзет шақырған. Фашист, нацист деп балағаттаған.

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.

Қазақ ғылымды емес ертегі, аңыз, өтірік әңгімені жақсы көреді

«Қазақтың тілі – кедейлердің тілі, бизнесмендердің тілі емес».