Ішімдік ішкен прокурор, өз-өзін атқан полицей: Әбдіханов неге үнсіз?

Malim Админ

  • 30.05.2021

Павлодар облысының прокуратурасында өз-өзін атып тастаған полиция қызметкері төңірегіндегі дау басылмай тұр.

Өткен аптада БАҚ өкілдері Павлодар облысының прокуроры Қайрат Әбдіхановтан Железин ауданында өз-өзін иығынан атып тастаған полиция майоры Рақым Үнбаевтың оқиғасы жөнінде түсініктеме беруін сұрап сан мәрте хат жолдаған. Бірақ Әбдіханов БАҚ-қа әлі күнге дейін жауап берген жоқ.

Бұған дейін Рақым Үнбаевтың әкесі Нұрлан Үнбаев ұлы өз-өзіне қол жұмсамақ болған уақытта Железин ауданының прокурорлары жұмыс орнында ішімдік ішіп отырған. Жедел жәрдемді прокуратураға барған екінші полиция қызметкері шақырған.

Бұдан бөлек, Нұрлан Үнбаев ұлын жақында ғана прокурордың орынбасары болып тағайындалған Әлібек Айтжанов өз-өзіне қол жұмсауға итермелегенін айтқан.

Әлібек Айтжанов экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтің сот процестерінде мемлекеттік айыптаушы болған. Оның аудандық прокурордың орынбасары қызметіне қалай тағайындалғаны белгісіз.

Қайрат Қожамжаров бас прокурор болып тұрған уақытта Әлібек Айтжанов Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының тергеу басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. Курстасы Олеся Кексельмен жақсы қарым-қатынаста болған. Олеся Кексель 2019 жылы азаптау дауына қалған.  

 

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.