«21  ғасыр педагогы»

Айбек Ережеп

  • 20.05.2021

«21  ғасыр педагогы»

Ақмарал Шойбекова биялогия пәнін оқушыларға ағылшынша оқыта алатын білікті ұстаз. Ол Шымкент қаласындағы №8 мамандандырылған гимназиясының мұғалімі. Кәсіби білікті ұстаз оқушыларға жаратылыстану пәнін қазақ және ағылшын тілінде оқытып келеді.  Ол биалогия пәнін үш тілде оқыту – болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік екенін айтады.

Биология  пәнін ағылшын тілінде өту үшін маман USTAZ –Professional  Learning  Centre – білім беру орталығында «21  ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру  бағдарламасының  А1,А2,В1,В2  дегейіндегі ағылшын тіліндегі курстарынан және осы орталықтың ағылшын тілін білетін білім  беру саласындағы мамандарға арналған тәлімгерлік  бойынша   біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Ширек ғасырлық тәжірибесі бар білікті маман республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалар мен түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Мәселен, 2016 жылы биология пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасының 3-дәрежелі диплом иегері атанған. Араға бір жыл салып, «Қазақстан ұстаздары»  қоғамы ұйымдастырған «Биология» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, дипломмен марапатталды.  Сондай-ақ,  «Үздік ғылыми жоба-2018» байқауында оқушының ғылыми шығармашылығына жетекшілік еткені үшін алғыс хат сынды тағы басқа марапаттары жеткіллікті.

Ақмарал Шойбекова қай іске болмасын өзінің білімділігімен, біліктілігімен, мәдениеттілігімен, парасаттылығымен, ізденімпаздылығымен, шығармашылық қабілетінің жоғарылығымен дараланған ұстаз.

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.