Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді

Айбек Ережеп

  • 20.05.2021

 Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді.

Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Оның екеуі автоматтандырылған автодроммен жабдықталған.  Алдын ала білімін тексеру үшін болашақ автожүргізушілер екі автодромда тестілеу сынағынан өте алады. Қызмет түрі ақылы.

Шымкенттіктер автоемтиханнан өтпес бұрын, мамандандырылған ХҚО-да алдын ала жол қозғалысының теориясы бойынша білімін сынап көре алады. Жыл басынан бері мыңнан астам шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, әрбір үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін автоХҚО-да ақылы түрде тексере алады. Бұл мүмкіндік үміткерге емтиханнан сүрінбей өтуіне ықпал етеді. Мысалы, үміткер куәлік алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсырады, оған 3 мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсырады. Ал алдын ала тестілеуде қай сұрақтарға дайындалу қажет екенін, өзінің осал тұстарын түсініп, кейін дайындалып келуге болады».

Айта кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан барысында 40 сұрақ беріледі, ал автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтиханнан өтуі керек.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды