Шымкент вакцина салдырудан көшбасшы

Айбек Ережеп

  • 20.05.2021

Шымкент вакцина салдырудан көшбасшы

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг өтті.

Бақытжан Жолдасбекұлы қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен вакцинация жұмыстарына тоқталды.

– Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Ал вакцина салдыру бойынша елімізде көшбасшылар қатарында тұр. Яғни 1-компоненттен 166 398, 2-компоненттен 69 905 адамға егілді. Өткен тәуліктің статистикасына сүйенсек, І компонентті 1 320, ІІ компонентті 1 149 адам қабылдады. Бұл ретте медицина қызметкерлері тарапынан екпе туралы үздіксіз түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр, – деді Б.Позилов.

Спикердің сөзінше, қалада вакцинация бойынша толық жағдай жасалған. Екпе салдырушыларға 43 пункт және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылған. Яғни, вакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, 15 111 медицина қызметкері, 24 186 мұғалім және 10 451 құқық қорғау қызметкері екпе алды. Одан бөлек, 8 451 созылмалы аурулары бар азамат, 5 616 студент және 101 546 өзге санаттағы ерікті вакцина қабылдады.

Айта кетейік, үшінші мегаполис тұрғындарының басым көпшілігі коронавирусқа қарсы отандық «QazVak» вакцинасына сұраныс білдіруде.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks