Суды үнемдеуге мүмкіндік мол

Malim Админ

  • 21.05.2021

Суды ысырап етпей пайдалану – егін шаруашылығындағы басты ұстаным болу керек. Қазір, тек жекелеген елдер ғана емес, әлем құрғақшылықтан зардап шегу қарсаңында тұр. Су – өмір, су болса жер болады, жер болса ел болады. Сондықтан, суды үнемдеу тарифін енгізудің уақыты келіп-ақ қалған. Қазір ауыл шаруашылығындағы ағын су тапшылығынжою үшін Үкіметтік және жергілікті деңгейде бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осы істің бірі ретінде ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің Түркістан магистралды каналының жөндеу жұмыстары, «Кеңсай Қосқорған-2» су қоймасы құрылысымен, «Бөген» су қоймасының жағдайымен арнайы барып танысқанын айтуға болады.

Жалпы, ағын суды ысырап етуге жол бермеу және су беру тәртібін реттеп отыру үшін, Түркістан облысында алғаш рет тариф бектілді. Талапқа сәйкес, 1000 метр куб ағын су үшін 328,6 теңг төлеу керек. Судың да сұрауы бар деген осы болса керек, әйтпесе, тегін келіп жатқан суды үнемдеу қиын, ал, арнайы ақша шығындаған соң, шаруалар де ағын суды тек қажеттілікке сәйкес пайдаланады.

Қазір құрылғанына көп өте қоймаған Түркістан облысының даму бағыты көпшіліктің көз алдында деуге болады. Су жүйесін реттеу мақсатында бірнеше су қоймасы мен магистралды каналдары республикалық меншіктен облыстық меншікке өтті. Бұған дейін де 6 су қоймасы облысқа өтсе, соған жалғас  былтыр Түркістан, Арыс, Қараспан магистралды каналдарынан су алатын аудандардағы 751 шақырымдық 161 канал облыстық меншікке өтті. Бұдан бөлек, облыстың 2024 жылға дейінгі даму жоспары бойынша Түркістан өңіріне қосымша 200 млн.м3 ағын су жеткізілмек. Бұл қалай іске асады?

Ең алдымен Түркістан магистралды каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл күрделі жөндеуден кейін 60 миллион метр куб су үнемделеді деп күтілуде. «Кеңсай - осқорған - 2» су қоймасы жобасы арқасында 34 млн метр куб ағын су келеді. Сонымен қатат, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша салынған бөгет 34 шақырымға ұзартылып, бөгетте қазір 250 млн метр куб су жинақталып тұр. Осының арқасында, облыстың экологиялық жағдайы да жақсара түседі деген сенім бар. Қазірдің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болғанын байқалады.

«Кешенді жоспарға сәйкес, «Түркістан магистралды каналының» құрылысын ағымдағы жылы аяқтау үшін, Республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажет. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы құрылысының алғашқы кезеңін бастауға Республикалық бюджеттен 2021 жылға қосымша қаржы бөлуді ұсынамыз. Ағын су шығынын азайту және маусымдық суару кезеңінде қосымша су жеткізу мақсатында, жаңадан Бөген өзенінің бойынан «Сарқырама» су қоймасын салу жоспарлануда. Жоба толық іске асқан жағдайда, вегетациялық кезеңде «Бөген» су қоймасына қосымша 50 млн метр куб су тасталатын болады», - дейді облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев.

Облыстық әкімдік берген есепке сүйенсек, соңғы екі жыл ішінде 243 шақырымды құрайтын 61 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліпті және 42 дана тік ұңғымалар қалпына келтірілген. Осы жұмыстардың арқасында 44,3 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған.  Каналдардың жөнделуі арақсында 53 млн метр куб су үнемделіпті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, мәселен биыл 361 шақырым су нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

28.03.2024

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

12.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

07.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024
MalimBlocks
Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

Казахстан и Узбекистан увеличивают сроки пребывания своих граждан на территории своих государств без регистрации с 5 до 30 дней. При этом временная регистрация не понадобится. Соответствующее соглашение с Узбекистаном ратифицировали депутаты сената в четверг, 28 марта.

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

Қазы бағасы 4,8%, жая 2,5%-ға өскен.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

Бұ ең төменгі жалақы мөлшерімен (85 мың) есептелген.

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді