Сауалнама: Ауылдың балалары әлеуметтік желіде аз отырады

«Ауыл балаларының 50 пайыздан астамы далада ойнағанды жақсы көреді, 16 пайызы әлеуметтік желілерде отырады».

Malim Админ

  • 01.06.2021

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Ауыл отбасының әлеуметтік портреті» тақырыбында жүргізген әлеуметтік зерттеулерін жариялады.  Бұл зерттеу аясында 54 ауылдық елді мекеннен 1200 респонденттен жауап алыныпты.

Сонымен зерттеу қорытындысына қарасақ, ауылды отбасыларындағы басты құндылықтардың үштігіне «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымы (63,9%), дәстүр мен әдет ғұрыптарды сақтау (41%) және өзара сүйіспеншілік пен мейірбандық (37,4%) кіреді екен.

«Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан ауыл тұрғындарының 64%-ы отбасына, туыстарына және достарына уақыт бөлгісі келетінін айтыпты. 38,2%-ы уақытын теледидар мен интернетке жұмсайтынын жеткізген. Ал 19,3%-ы өз шаруаларымен айналысамыз депті.

Сауалнама балалар арасында да жүргізілген екен. Ауыл балаларының 50,8%-ы уақытын таза ауада, далада өткізгенді ұнататындарын айтқан.  36%-ы уақытын кино мен мультфильмге жұмсағанды жөн депті. 26,9%-ы үй шаруашылығына көмектеседі екен.

«Бұдан бөлек, бос уақытында ауыл балаларының 22,7%-ы мобильдік құрылғыларда отырса, 16,2%-ы әлеуметтік желілерге жұмсайды. Айта кетейік, респонденттер бірнеше жауапты таңдай алды). Зерттеу барысы көрсеткендей, ауыл тұрғындарының 74,2%-ы бала тәрбиесінде күш қолданғанды дұрыс көрмейді» делінген зерттеу хабарламасында.

Респонденттердің 88,2%-ы өз денсаулығын жақсы және қанағаттанарлық деп бағалапты.  Сауалнамаға қатысқан ауыл тұрғындарының 41,2%-нда денсаулығына байланысты ешқандай проблема жоқ екен. Ал 46,6%-ы салауатты өмір салтын ұстанамыз депті.

Жалпы, респонденттердің 72,1%-ы қалаға көшуге ниеті жоқтығын айтыпты. Қалған 27,4%-ы балаларының сапалы білім алуы, жақсы жұмысқа орналасу және басқа да перспективалар үшін қалаға көшкісі келетіндігін жасырмаған.

«Сондай - ақ, ауылдық тұрғындары бала туғанда берілетін жәрдемақы, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы сынды барлық мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан жақсы хабардар», - деген қорытындыға келіпті «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024
MalimBlocks
Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.