МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айбек Ережеп

  • 12.05.2021

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымшаһардың басшысы Мұрат Әйтенов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, №1 Студенттер үйімен және ондағы үйірме орталығының жұмысымен танысты.

Орталықта 11 үйірме университет студенттері үшін жұмыс жасайды.  Үйірме студенттері жасаған бұйымдар орталықтағы арнайы көрме залына қойылған.

2015 жылы ашылған 12 қабаттық №1 Студенттер үйі барлық жағдай жасалған. Әр бөлмеде екі студенттен тұрады, санитарлық тораппен, арнайы жиһазбен, тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 

Одан соң қала әкімі университеттің бас ғимаратында орналасқан «Ұлы дала елі өркениеттер тоғысында» атты көрме залымен танысты. 1966 жылы құрылған археологиялық  студенттер жасағы тапқан ірілі-ұсақты жәдігерлерден тұратын арнайы көрме залы б.з.д. 100 мың жыл – б.з. ХІІ ғ. аралығындағы ұлы дала өркениетінен, тарихтан сыр шертеді.

Тарих ғылымдарының докторы, танымал археолог Александр Подушкин студенттердің археологиялық жасағы жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлерді көрсетіп, олар туралы әңгімелеп берді.

Шаһар әкімі М.Әйтенов университеттегі Н.Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық кабинеттің жұмысын көрді. Кабинет жоғары технологияның ең соңғы үлгісі бойынша жабдықталған. Бұл жерде ғылыми жобамен айналысатын үздік студенттер және оқытушы-профессор құрамы жұмыс істеуіне толық мүмкіндік жасалынған. Сонымен бірге мұнда Елбасының 200-ден аса еңбектері жеке кітапхана ретінде де қызмет көрсетеді.

Қала басшысы «Nur Otan» партиясының «ІТ мамандар дайындау» жобасы шеңберінде ашылған  «IT-SYNYP» сыныбы мен «Робототехника» үйірмесінің жұмысымен танысты. 

8-16 жас аралығындағы сексен баланы оқытуға арналған «IT-SYNYP» компьютерлік сыныптарында оқушылар үш бағытта білім алады.

2018 жылдың маусым айынан 2020 наурыз айы аралығында IT-сыныпта 1100 оқушы оқып, арнайы сертификатқа ие болды.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы