Daily Mail: Тимур Құлыбаев Ұлыбританияда ультразаманауи үй салып алды

Елнұр Бақытқызы

  • 02.06.2021

Британдық басылымдар олигарх Тимур Құлыбаев Эндрю ханзададан 2007 жылы 15 миллион фунт стерлингке сатып алған Саннингхил-парк (Sunninghill Park) зәулім сарайын сүріп, орнына ультразаманауи үй салып алғанын жазып жатыр.

Саннингхилл-парк Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның Виндзор қамалынан 8 шақырым жерде орналасқан, поместье  270 гектар аумақты алып жатыр. Бұл зәулім үйді 2007 жылы II Елизаветаның кіші ұлы Эндрю 15 миллион фунтқа сатқан. Сатып алушы ретінде Виргин аралдарындағы офшор компаниясы көрсетілгенімен, британдық басылымдар үйдің қожайыны Н.Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев екенін жазған.

"Эндрю ханзаданың ескі үйі қазақ стиліне өзгерді" деген мақалада The Times басылымы қазақ олигархы Эндрю ханзада үйі үшін сұратқан сомадан 3 миллион фунтты артық төлеп, сарайды сатып алғанда көпшілік таңғалғанын жазады. Ханзада Эндрю мен оның бұрынғы әйелі Сара Фергюсонның Саннингхил-парк поместьесі 5 жыл бойы сатылымда тұрған. Сондықтан 5 жыл бойы өтпей тұрған үй үшін Н.Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев 3 миллион фунт артық төлегенде көпшілік таңырқаған.

Бұл оқиға Ұлыбританияда дау тудырып, британ қоғамы бұл келісімнің астарында парақорлық жатыр деп күдіктеніп, тергеу жүргізуге шақырған.

Тимур Құлыбаевтың бұл үйді сатып алғанда кім арағайындық еткені жайлы әңгімелер көп. Daily Mail бұған дейін тағы бір қазақ бизнесмені Кеңес Рақышев 2008 жылы Ұлыбританияда Тимур Құлыбаевқа Британ Виргин аралдарында орналасқан фирманың көмегімен принц Эндрюдің Виндзордағы Sunninghill Park зәулім үйін сұраған бағасынан 3 миллион фунтқа қымбаттатып, 15 миллион фунт стерлингке сатып алуға көмектескенін жазған.

Сарайдың жаңа иелері үйді бес жылдан соң жермен-жексен етіп сүрді, оның орнында тұрғызып жатқан жаңа үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Эндрю Ханзаданың Саннингхил-парк сарайы 2015 жылы сүрілдіЭндрю ханзаданың  2015 жылы сүрілген  Саннингхил-парк үйі

Британдық The Dailly Mail басылымы "Олигарх осыдан 14 жыл бұрын Эндрю ханзаданың үйі үшін сұралған сомадан 3 миллион фунт артық төлеп, оны жермен-жексен етіп сүрген орында ультра-заманауи мега-сарай тұрғызылды" деп жазады.

"Эндрю ханзаданың бұрынғы отбасылық үйін жаңа қожайындар осыдан алты жыл бұрын сүргенде, бұған аздаған дизайн талғампаздары ғана өкінген еді. Саннингхилл-паркті Tesco супермаркетімен (Ұлыбританиядағы супермаркеттер желісі), Саутфорк ранчосымен, тіпті "Даллас" сериалындағы JR-дың үйімен салыстырды. Сегіз жыл бойы бос жатқан үй қиратылып, енді оның орнында салынып жатқан үйдің құрылысы бітуге таяу. Үй көзге жақсы көріне ме дегенге қатысты әзірге ортақ пікір жоқ болғанымен, жаңа сарайдың сәнді және ультразаманауи екенін жоққа шығаруға болмайды".

Сүру жұмыстары

Басылымның жазуынша, жаңа үйдің алты жатын бөлмесі, ол жатын бөлменің әрқайсысында ванна бар, жаңа қожайын балкон, биік француз есіктері және 25 метрлік бассейнмен мақтана алады.

Daily Mail үйді сүру жұмыстары 2015 жылы шатырдағы жарқанаттар басқа жер тауып, жаңа үй салуға рұқсат алынғанында сүрілгенін жазады.

Басылым жаңа үйдің сыртқы экстерьер суреті алғаш рет жарияланып тұрғанына назар аударады.

Үйдің кірпіштен тұрғызылған негізгі ғимараты таспен қапталған, жоба құжаттарына сәйкес, бұл үйге заманауи реңк береді.

Сондай-ақ бұл жерде көңіл көтеруге арналған терасса, күн террасасы, фонтан, балалардың ойнайтын алаңы мен қоршалған бау-бақша бар.

Ары қарай теннис корты, төрт көлікке арналған гараж, қызметкерлердің үйі, ал кіреберісте күзет үйі тұр.

Басылым Лондон орталығындағы BBC корпорациясының ғимаратын салған HOK архитекторлары осы үйді де жобалады дейді.

Сән-салтанат үйдің ішінде жалғасады. Бірінші қабатта тренажер залы, сауна, ойнайтын бөлме, кітапхана мен қонаққа арналған жатын бөлмесі бар. Ал екінші қабат екі ересектер мен балаларға арналған қанатқа бөлінген. Балалар қанатында ваннасы бар екі жатын бөлме, бала күтушінің бөлмесі орналасса, ересектер қанатында екі үлкен жатын бөлмесі, киім қоятын бөлме мен қонақбөлме бар.

Сүрілген үйдің 12 жатын бөлмесі бар болатын. Ол үйді ІІ Елизавета ұлы Эндрю үйленген соң, ханзада мен оның әйеліне сыйлаған еді.

Daily Mail-дің жазуынша, жаңадан тұрғызылған ультра-заманауи үйге Құлыбаев көшіп келе ме, әлде жалға бере ме, я болмаса сатып жібере ме, бұл жағы әзірге белгісіз.

Фотолар: The Daily Mail басылымы

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

11.05.2023

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

17.01.2022

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

01.06.2021

Франция сарайлары: Жеке аралы мен алып поместьесі бар қазақ байы

15.04.2021

Forbes тізімі тағы үш қазақстандықпен толықты

07.04.2021

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған

30.03.2021
MalimBlocks
Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

Forbes әдеттегідей Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімдерін ұсынды.

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

Франция сарайлары: Жеке аралы мен алып поместьесі бар қазақ байы

Forbes тізімі тағы үш қазақстандықпен толықты

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған