"Тәуелсіз агенттіктер жүргізетін университет рейтингтері ұлттық көрсеткіш болып танылмайды"

Malim Админ

  • 04.06.2021

Білім және ғылым министрлігі жыл сайын елдегі жоғары оқу орындарының рейтингін жүргізеді. Министрліктің хабарлауынша, рейтинг жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын бағалауы негізінде жүзеге асырылады. Көзделген негізгі мақсат – талапкерлер мен олардың ата-аналарын, қоғамды ақпараттандыру және жоғары білім сапасын тексеру.

Рейтингті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. Сонымен қатар білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының ақпараттық базаларына деген қолжетімділікті қамтамасыз етті. Рейтинг нәтижелері кадрларды даярлау сапасы туралы жұмыс берушілердің нақты пікірін көрсетіп, жоо түлектерінің нарыққа қажеттілігі туралы нақты деректер береді.

Министрлік әртүрлі тәуелсіз агенттіктер өткізетін университеттердің рейтингтері ресми рейтинг болып танылмайтынын ескертеді.

«Соңғы уақытта ұлттық рейтинг деп жұртшылыққа ұсынылған жоғары оқу орындарының рейтингтері жарияланып жатыр. Әртүрлі агенттіктердің рейтингтері ұлттық көрсеткіш болып танылмайды, ол рейтингтерге ЖОО-лар өз қалауы бойынша және ақылы негізде қатысатынын айта кеткен жөн. Білім және ғылым министрлігі бұл рейтингтердің нәтижелері үшін жауап бермейді. Министрлік жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу барысында, сондай-ақ басқа да шешімдер қабылдау кезінде жоғары оқу орындары рейтингінің нәтижелерін ескереді. Оны білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша "Атамекен" ҰКП жасайды», – деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер мен олардың ата-аналары білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізетін ЖОО рейтингінің нәтижелерімен министрліктің және ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ресми сайттарында таныса алады.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.