Тұрғымбаев: Полиция митингіде ешкімді азаптамады

Malim Админ

  • 11.06.2021

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бүгін өткен онлайн брифингіде кеттлинг бүкіл әлемде қолданылатынын, полицейлердің наразыларды сағаттап құрсауда ұстау әрекетін азаптауға жатқызбайтынын жеткізді.

"Кеттлинг БҰҰ-ның адам құқықтары туралы конвенциясы мен азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қайшы. Адамды тоғыз сағаттан астам аязда ұстап, үйге жібермей, тамақ бермей қоюды азаптау деуге бола ма?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына ішкі істер министрі Тұрғымбаев"қоршауға алу әдісі бүкіл әлемде қолданылатынын" жеткізді.

"Сіздің ақпаратыңыз дұрыс емес. Бұл заңсыз митинг болатын. Бізде бейбіт митингілер туралы заң бар. Заңсыз митингілерге қарсы бүкіл әлемде құрсауға алу әдісі қолданылады. Турникеттер, көліктер, су шашатын құралар мен полицияның жеке құрамы құрсауға алуы мүмкін. Бұл бүкіл әлемде қолданылады. Біздің ішкі бұйрықтарымыз бен нұсқауларда "кеттлинг" сөзі қолданылмайды, "адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзатын жерлерді қоршау" деп аталады", - деді министр.

 Тұрғымбаев полицейлер қоршауда қалған адамдарды азаптамағанын, күштеп қоршауда ұстамағанын жеткізді.

"Заңсыз митингілер өткен жерді қоршағанымыз рас. Бірақ басқа елдің полициясы сияқты су шашпадық, арнайы құралдар, жарық-дыбыс гранатасын қолданбадық. Полицейлер қару, дубинка, газсыз-ақ құқық бұзушылықтың алдын алады. Азаптау болған жоқ, өйткені қоршаудан шығамын дегендерді жібердік, су, тамақ ұсындық, ешкімді күштеп ұстамадық", - деді Тұрғымбаев.

Қазақстан полиция наразылыққа шыққандарға кеттлинг әдісін жиі қолдана бастады. Алматыда полицейлер бейбіт шеруге шыққандарға қарсы бірнеше мәрте кеттлинг әдісін қолданған. Мәжіліс сайлауынан кейін наразылыққа шыққан ондаған белсендіні полиция он сағат бойы қоршап, тамақ пен су бермеді, тіпті дәретханаға шығармады.

 

 

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.