Мамай мен Иманбаева еш жазықсыз кінәлаған жандар Байбектің үлгісімен сотқа беруі тиіс – заңгер А.Тәшенова

Malim Админ

  • 14.06.2021

Алматының Әуезов аудандық №2 сотында "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның арасындағы дау бойынша негізгі сот процесі басталды.

Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова Жанболат Мамайдан жала естіген өзге тұлғаларды Бауыржан Байбектен үлгі алып, үстінен сотқа шағымдану керек деді.

" Мамайдың айтып жүрген демократиясы ойыңа келгеннің бәрін айту емес, құқықтың алаңда мәдени қарым-қатынас. Енді Мамайдан бұған дейін жала естіген өзге тұлғалар да Бауыржан Байбектен үлгі алып, оның үстінен сотқа шағымданады деп үміттенемін», - деді заңгер.

Ал жауапкерлерді қорғау тарабы сотқа Бауыржан Байбек пен оның туыстарын шақыртып, жаап алуды сұрады. Өйткені қорғау тарабының айтуынша,  "іске қатысы бар құжаттарда Байбектің әкесі, қарындасы, әйелінің туыстарының аты аталады".

Алайда судья Сартаева бұл өтінішті қанағаттандырмады.

"Байбектің әкесі, әпкесі кәсіпкерлер екені баршаға мәлім. Мысалы, оның әкесі Қыдырғали Байбек жасы жетпістен асқанда кәсіпкер атанып кетті. Ата-анасы бұрын-соңды бизнесте болмаған адамдар. Оның бизнесте өрлеуі Бауыржанның мемлекеттік қызмет сатысымен өскенімен қатар келіп отыр", - деді сотта сөйлеген Жанболат Мамай.

Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай сәуірде Youtube-тегі "Бауыржан Байбек: Назарбаев сыныптасы баласының жемқор бизнес-империясы" атты  видео жариялаған. Зерттеуде Жанболат Мамай Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті "мемлекеттік қызметте жүріп үлкен бизнес-империя құрды", "құрылысқа және көлік тұрағына" қала аумағының және Іле-Алатау ұлттық паркінің "жерін берді", "пара алды", "көмір мафиясын құрды" және Алматыдағы ЖЭС-2-ні "газға көшіруді кешеуілдетті" деп айыптаған.

Бауыржан Байбек осы фильмнен кейін белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның үстінен "ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтіру" бабы бойынша сотқа шағым түсірді. Жауапкер тараппен шағыммен келіспейді.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.