Қазақ тілі және бизнес

Malim Админ

  • 15.06.2021

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 2021 жылдың 16 маусымында «Тіл және қоғам» тілтанымдық алаңының аясында алғаш рет «Қазақ тілі және бизнес» атты сарапшылық талдау өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: экономикалық, бизнес дискурсындағы қазақтілді комуникация сапасын арттыру.

Іс-шараның өзектілігі: ұлттық бизнес-қауымдастық қалыптастырудың базисі лингвоэкономикалық зерттеулер арқылы жасалады. Осы  тұрғыда бизнес контентті қазақ тілінде жасап, сапасын жетілдіру арқылы ұлттық кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту аса маңызды болып отыр. Бұл ауылдық өңірдегі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген халықты кәсіпкерлік ортаға тартуға,  ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, ұлттық болмыстағы шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріліп, ұлттық бизнес таптың қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Ұлттық бизнес таптың қалыптасуы болашақта әлемдік нарықта ұлттық брендтердің жасалуына, олардың танылып, таралуына жол ашады.

Әлемдік экономикалық маркетинг нарығындағы жағдай тұтынушы нұсқаған бағыт бойынша өзгеретінін қазақстандық маркетингіде де ұстану керек. Бүгінгі таңда әйгілі қымбат бутиктердің негізгі тұтынушылары Еуропа емес, Азия өкілдері болып отыр. Мысалы, швейцариялық сағат дүкендерінде тауарлардағы барлық мәтіндер мен атаулар неміс немесе қытай тілінде жазылғанын көруге болады. Ал Қазақстанда қазақтілділердің саны артқаны, қазақтілді тұтынушының да өскенін көрсетеді, сондықтан маркетинг нарығында қазақтілді сауатты  кеңістік қалыптастыру осы үрдістен пайда түсірер еді.

Іс-шараның өткізілу тілі: қазақ

Өтетін күні: 16.06.2021

Өтетін уақыты: 10.30

Өтетін платформасы: ZOOM

Іс-шараның идентификаторы: 968 029 822 60

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тіл және қоғам» тілтанымдық алаңының аясында өткізетін «Қазақ тілі және бизнес» атты сарапшылық талдау іс-шарасының

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

2021 жылғы 16 маусым

Ұйымдастыру комитеті:

Төраға:

Анар Мұратқызы                          ф.ғ.к., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Фазылжанова                               Тіл білімі институтының директоры

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Ақмарал Бейсенқұлқызы

Пиязбаева

кіші ғылыми қызметкер,

PhD докторант

Айнұр Аманғалиқызы

Баймырза

кіші ғылыми қызметкер,

PhD докторант

Қуат Қонысбайұлы

Дүйсен

кіші ғылыми қызметкер,

PhD докторант

Дана Пашан

аға ғылыми қызметкер

филол.ғыл.канд.

Айжан Серікбаева

кіші ғылыми қызметкер,

PhD докторант

 

10.30 - БАСТАЛУЫ

КІРІСПЕ СӨЗ:

Анар Мұратқызы Фазылжанова – филол.ғыл.канд., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры

БАЯНДАМАЛАР:

  1. Ақмарал Бейсенқұлқызы Пиязбаева – PhD докторант

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТІЛ ЖӘНЕ ТІЛДЕГІ ЭКОНОМИКА (ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИСКУРС МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

  1. Қуат Қонысбайұлы Дүйсен – PhD докторант

«ҚАЗАҚТІЛДІ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ПОРТРЕТІ» (САУАЛНАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ)

  1. Айнұр Аманғалиқызы Баймырза – PhD докторант

«ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚТІЛДІ КӘСІПКЕР» (БЕЙНЕКӨРІНІС)

  1. Анар Мұратқызы Фазылжанова - филол.ғыл.канд., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ САНАСЫНДАҒЫ «САУДА» КОНЦЕПТОСФЕРАСЫ

 

  1. АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
  2. ПІКІР АЛМАСУ
  3. «БИЗНЕСТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БЕКІТУ
Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы