Цой отставка туралы сұраққа жауап берді

Malim Админ

  • 16.06.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін өткен онлайн брифингіде күзге дейін 10 миллион адам вакцина егіп үлгереді деп үміттенетінін мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі күзге дейін 10 миллион адамға вакцина егіледі деген меже қойған. Алайда ақпаннан бері вакцинаның екі компоненті 1,4 миллион адамға егілді, ал бірінші компонент 2,5 миллион адамға егілді.

Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина егіледі деген межеге жетуге тырысатынын, алайда вакцинация ерікті түрде жүріп жатқанын айтты.  "Күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салынып үлгере ме?", "вакцина 10 миллион адамға егілмеген жағдайда отставкаға кетесіз бе?" деген сұрақтарға министр былай деді: "Халыққа вакцина егу – басты міндет, біз 10 миллион адам еген межені ұстанып отырмыз. Бұл кешенді мәселе, әрбір азамат саналы түрде вакцина егеді деп үміттенеміз. Ол үшін аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол жұмысты күшейтеміз, 60 пайыздық межеге жеткенде ұжымдық иммунитет қалыптасады, соған жету маңызды. Бірақ бәрі министрлік қолында емес, вакцинация ерікті түрде жүріп жатыр", - деді А.Цой.

А.Цой   үкіметтің кез келген  мүшесінің мәселесін мемлекет басшысы шешетінін, "шешім атқарылған жұмысқа қарай қабылданатынын" жеткізді.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks