Картоп бағасы аналарды митингіге алып шықты

Malim Админ

  • 17.06.2021

Азық-түлік қымбаттай берсе адамдар тек су ішетін ағашқа айналып кететін шығар. Атырауда қымбатшылыққа қатысты көпбалалы аналар наразылық акциясына шыққан. Олар облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЕН бағаны өсірмеуді талап етіп барған. Бірақ өңір басшысы көпшіліктің алдына шықпаған.

«Әкімімізге келдік. Бір нәрсе жасайтын шығар. Азық-түлік пен киім-кешек күнде қымбаттап жатыр. Енді тек қара су ғана ішіп жүретін сияқтымыз», - дейді атыраулық  Оразгүл Рымғалиева.

Ондаған наразылық білдірушілердің алдына облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ шықты. Ол барлық сөзді Махамбет ЖОЛДАСҒАЛИҰЛЫНА жеткізетінін айтып қысқаша сөзін аяқтады. Және өңірде қолдан келетіннің бәрін жасаймыз, астанаға да мәселені жеткіземіз деп кетті.

Жиналғандар картоп бағасы 400 теңгеден асса, қой еті мың теңгеден асқан деп отыр. Бір апта бұрын сауда министрлігі сәбіздің 45%-ға, картоптың 38,5%-ға, су майы 16,7%-ға, жуаның 10,9%-ға,  қанттың 9,2%-ға,  қымбаттағанын мәлімдеген.  

Фото: profile.ru

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks