Жетісуда 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

  • 27.05.2021

Өңірлерді дамыту мәселесі сөз болғанда, ең алдымен, тілге тұрғын үй құрылысы ілінеді. Өйткені, экономиканың басты көрсеткіші де, ең басты құндылық та адам екенін ескерсек, қандай да бір облыста тұрғын үй қаншалықты көп салынса, сол аймақта басқа саллардың бәрінде өсім бар деп айтуға болады. Олай дейтініміз, экономикасы дамыған, өнеркәсібі дамыған, инфрақұрылымы жолға қойылған аймақтарда адам санының артуы заңды құбылыс. Ал, тұрғын саны артқан аймақтарда ең алдымен тұрғын үй салынады. Үйге деген сұраныс артады. Осы себепті де қандай да бір аймақта тұрғын үй көп салынып жатыр деген ақпарат шықса, азаматтардың үй алғаны үшін ғана емес, сол өңірдегі елдің көбеюі мен экономиканың өсуі туралы ойланасың.

Еліміздегі экономикалық салалар бойынша көшбасшы саналатын Алматы облысында да тұрғын үй саласы бойынша біраз шаруалар атқарылып келеді. Бүкіл республика бойынша жүргізіліп жатқан  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы игілікті Жетісу жұрты да көріп отыр. Мәселен, биыл бұл өңірде 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп, өңірдің жалпы жамуы бойынша есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов тұрғын үй саласы облысты дамытудың жетекші салаларының бірі екенін, сол себепті, бұл мәселеге жіті мән беріп отыратынын айтты.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көп балалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады», - деді облыс әкімі.

Жалпы, карантиндік шектеулерге қарамастан, облыста жұмыспен қамту мен жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары қарқынын жоғалтпапты. Мәселен, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 миллиард теңге бөлініп, 1051 жоба іске асқан. Бұл дегеніңіз, 20 мың жаңа жұмыс орны ашылып, осынша адам жұмысқа тұрды деген сөз. Демек, осы тұрғындар да болашақта осы облыстың экономикасының көтерілуіне және облыста тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне ықпал етеді, қозғау салады, үлес қосады деп айтуға болады.

Айта кету керек, биыл облыста барлық сала бойынша өсім байқалып отыр. Жыл басынан бергі 4 ай ішінде облысқа тартылған инвестиция көлемі де артқан.

«Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Ал, инвестиция тартуға және өңір халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге 9 Трансұлттық компания өзінің елеулі үлесін қосып отыр. Бұл туралы сіздермен алдыңғы кездескен кезде айтқан болатынмын. Өткен жылдардан бері жұмыс істеп тұрған «Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo» кәсіпорындары мен биыл іске қосылған «Алацем» цемент зауыты мен «Фид Миллс» құрама жем зауыты өндірістерінің жалпы көлемі 165 млрд. теңгені құрайды. Алдағы уақытта Трансұлттық компаниялардың тағы 5 жобасы іске қосылғанда олардың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 25% болады», - деді Амандық Баталов.

Облыс әкімі, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары мен «Жетісу» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі 21 миллиард теңгеге артқанын және жыл соңына дейін 28 мектеп салу жоспарланғанын айтты.

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

28.03.2024

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

12.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

07.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024
MalimBlocks
Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

Казахстан и Узбекистан увеличивают сроки пребывания своих граждан на территории своих государств без регистрации с 5 до 30 дней. При этом временная регистрация не понадобится. Соответствующее соглашение с Узбекистаном ратифицировали депутаты сената в четверг, 28 марта.

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

Қазы бағасы 4,8%, жая 2,5%-ға өскен.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

Бұ ең төменгі жалақы мөлшерімен (85 мың) есептелген.

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді