Қабанбай жоңғарлармен 103 рет жекпе-жекке шыққан ба?

Malim Админ

  • 21.06.2021

Ұрпақты ерлікке бұлай баули ма? Кеше ғана дүниеден өткен Қабдеш Жұмаділов ағамыз біз басына барып дұға бағыштап жүрген марқұмды бұл жатқан Қабанбай емес деген еді. Енді бір тарихшылар 30-дан астам Қабанбай болған дейді. Ал Қабанбай жоңғарлармен 103 рет (енді біреу 111 рет ) жекпе-жекке шыққан деген нағыз кісі күлерлік сөз сияқты. Сонда соның бәрін кім санап отырыпты, әлде соның бәрін біреу жазып отырып па? Солай дейін десең, соның бәрі жарты парақ жазба тарихы жоқ ауызекі әркім әртүрлі қырық құбылтып айтатын сөздер ғана. Сосын бір ғана адам 103 мәрте жекпе-жекке шықты дейтіндей жоңғарлар сол регионға қанша мәрте шабуыл жасаған деген сұрақ туындамай ма?Логика қайда? Мен Қабанбай деген батыр болған жоқ демек емеспін. Бірақ қанша жерден ерлікті насихаттағанмен оның да белгілі бір шама-шарқы болуы керек. Желөкпе, бөспе сөз тарихымызды басқа ұлттардың күлкісіне айналдырады. Бір ғана мысал келтірейін: Орыс халқының бүкіл тарихы соғыспен өткен. Орыстар шведпен де, түрікпен де, неміспен де, литвамен де, полякпен де, моңғолмен де, ноғаймен де жүздеген жылдар соғысты. Бірақ солар Кутузов, Суворов, Багратион, Нахимов, Пересвет, Муромец

сияқты бірнеше тұлғалардың ғана есімін атайды. Және олардың бәрі жазба тарихта деректері бар тұлғалар. Ал біздікі ше?... Бізде әр рудан, әр тайпадан шыққан батырларды санасаң, жоңғардың жәй әскерінің санынан аз емес. Солардың бірде-бірі туралы жарты парақ жазба дерек жоқ. Қысқасы, біздікі әр ру, әр тайпа өздерінен неғұрлым көбірек батыр шығаруға бәсекеге түскен. Яғни, біздікі рушылдық, тайпашылдық, жүзшілдік бәсекелестік тарихы. Баяғыда Абай айтқан өтірік, мақтаншақтық қана. Ал бұл ұрпақты ерлікке, отансүйерлікке баулу емес, керісінше, олардың әрқайсысын өз руың, өз тайпасы мен өзінің жүзін мақтан тұтуға үгіттеу ғана. Бұл бүгінгі де, ертеңгі де ұрпақ үшін өте зиянды.

Мырзан Кенжебай

Жазба автордың facebook парақшасынан алынды.

Фото: livejournal.com

 

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.