Қазақстанда "үнді" штамына тән вирус мутациясы анықталды

Malim Админ

  • 21.06.2021

Денсаулық сақтау министрлігі  Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы деңгейінің күрт өсуіне байланысты КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді.  Министрліктің хабарлауынша, скрининг нәтижелері бойынша «Дельта» штамына («үнді» штамы) тән мутацияға күдікті жағдай анықталды.
"Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататынын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады", - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік "дельта" штамының жұғу қаупі 60 пайызға жоғары екенін ескертеді.

«Дельта» коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Бұл ретте, індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «Үнділік» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks