Тоғжанов: Карантин күшейтіледі

Malim Админ

  • 22.06.2021

Вице-премьер Ералы Тоғжанов астанада "үнді" штамына ұқсас вирус мутациясының ықтималдығы анықталғандықтан, өңірлерді эпидемиологиялық ахуалды күшейтуге шақырды.  Бүгін коронавирус инфекциясының таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтеді.

"Өңірлерден эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді сұраймыз. Босаңсуға негіз жоқ. Бүгін коронавирус инфекциясының таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде, ең алдымен, Нұр-Сұлтан қаласында  эпидемиологиялық талаптарды күшейту шаралары қабылданады", - деді ол бүгін өткен үкімет отырысында.

Ералы Тоғжанов барлық деңгейдегі әкімдерге адамдар көптеп жиналатын демалыс орындарда санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтық мен маска режимінің қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды.  Бұдан бөлек халықты вакцинациялау да барлық деңгейдегі әкімдердің жеке бақылауына болуы тиіс екенін жеткізді.

Маусымның 21-і күні Денсаулық сақтау министрлігі  Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы деңгейінің күрт өсуіне байланысты КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізіп,  оның нәтижеі бойынша «Дельта» штамына («үнді» штамы) тән мутацияға күдікті жағдай анықталғанын хабарлады.

Министрлік "дельта" штамының жұғу қаупі 60 пайызға жоғары екенін ескертеді. «Дельта» коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Бұл ретте, індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «Үнділік» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.

Фото: Liter.kz
 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады