Алматыда тағы бір адамнан үнді "штамы" анықталды

Malim Админ

  • 24.06.2021

Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың үнді штамы анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифингте айтты.

"Қазір бізде екі адам бар ("Үнді штамын" жұқтырған. - автор). Меніңше, бұл 1983 жылғы әйел мен 2013 жылғы бала. Олар жұқпалы аурулар ауруханасында. 

Басқа ауырғандар туралы ақпарат жоқ. Әзірге осы екеуі ауырып жатыр", - деді Лаура Мырзағали.

Бұған дейін үнді штамы үй шаруасындағы әйелден анықталғаны хабарланған.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, әйел 21 маусымда тест тапсырған. Қазір науқас жұқпалы аурулар палатасында, ал жеті жасар қызы бөлек палатада. Байланыста болған жеті адам оқшауланды.