Бекшин: Төртінші толқын басталды

Malim Админ

  • 02.07.2021

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин соңғы екі аптада ішінде қалада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 2,1 есе өскенін, үшінші толқын басылмай жатып төртінші толқын келгенін мәлімдеді.

"Маусым айына 4533 адам вирус жұқтырды. Соңғы екі аптада қалада вирус жұқтыру көрсеткіші 2,1 есе өсті. Яғни 1142 жағдайдан 2377 жағдайға дейін. Өсудің себебі, бұл төртінші толқын деп есептейміз. Өткен үшінші толқынның себебі британ варианты болды. Ол басылмай жаңадан төртінші толқын басталуда. Оның себебі британ вариантына үнді, яғни дельта варианты қосылды. Қазір қала бойынша  85 сынамада дельта варианты анықталды. Жалпы, бұл бүкіл коронавирус варианттарының 78 пайызы. Ең басты өзгеріс, британ варианты дельта вариантын басып жатыр", - деді Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде.

Бүгін коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус жұқтырғандардың  сынамаларын ПЦР-скринингтен өткізу нәтижесі дельта штамы бүкіл елдің аумағынан анықталғанын көрсетті деп мәлімдеді.

"1 шілдеде 414 сынама "үнді" штамына тексерілді. Оның нәтижесінде сынамалардың 48,3 пайызынан "дельта" штамы анықталды. Ол Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкенттен анықталды", - делінген хабарламада.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks