Бекшин жаңа болжам жасады

Malim Админ

  • 02.07.2021

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада "дельта" штамының анықталуына байланысты алдағы екі айда эпидемиологиялық ахуал қалай өрбитіні жайлы болжам жасады.

"Індет тамыз айының басы мен ортасында шарықтау шегіне жетеді. Сондықтан індеттің таралуы қыркүйек айының басына қарай төмендейді", - деді Ж.Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин соңғы екі аптада ішінде қалада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 2,1 есе өскенін, үшінші толқын басылмай жатып төртінші толқын келгенін мәлімдеді.

"Маусым айына 4533 адам вирус жұқтырды. Соңғы екі аптада қалада вирус жұқтыру көрсеткіші 2,1 есе өсті. Яғни 1142 жағдайдан 2377 жағдайға дейін. Өсудің себебі, бұл төртінші толқын деп есептейміз. Өткен үшінші толқынның себебі британ варианты болды. Ол басылмай жаңадан төртінші толқын басталуда. Оның себебі британ вариантына үнді, яғни дельта варианты қосылды. Қазір қала бойынша  85 сынамада дельта варианты анықталды. Жалпы, бұл бүкіл коронавирус варианттарының 78 пайызы. Ең басты өзгеріс, британ варианты дельта вариантын басып жатыр", - деді Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks