"Мен артымнан ерген қараларымды ешкімнің алдында жәутеңдетпеймін"

Malim Админ

  • 05.07.2021

71 жасқа келгенінді дүниеден озған Әселхан Қалыбекованың қазасы айтыскер ақындардың ғана емес, күллі Алаш жұртының жүрегіне батты. Айтыскер Мұхтар Ниязов марқұмның жақсы қасиетін айтып, мына бір естелікпен бөлісті.

«Әселхан апайдың өмірі айтыспен тығыз байланысты болғаны сияқты менің өмірім апаймен тығыз байланысты. Біз немересінен де кіші балалармыз ғой, бірақ Әселхан апай адамның патша көңілін ешқашан тағынан түсірмей, әр адаммен ерекше қарым-қатынас жасайтын. Қай жылы бір Тәшкент қаласында айтыс өтіп, Айнұр Тұрсынбаеваға қиянат жасалып жатқанын байқап отырған апамыз бізге "жиналыңдар, осы жерден айтысты тоқтатып қайтамыз" деді. Біз де тәк тұрдық, ана кісілер өз қателерін түсініп, бәйек болып жатыр. "Мен артымнан ерген қараларымды ешкімнің алдында жәутеңдетпеймін, кім болсаңдар да осы естеріңде болсын" деген сөзіне жалымыз күдірейіп, кеудемізді керіп тұрдық...

 Азанымен ауыр хабарды естіп есеңгіреп қалдық. - деді Мұхтар Ниязов.

Әселхан Қалыбекованың жаназасы ертең Шәуілдірдегі өз үйінде шығарылады деп хабарланды