Жаңа Kia Sorento: Қазақстанда digital премьера

Malim Админ

  • 07.07.2021

Kia модельдік қатарының флагманы – жап-жаңа Sorento-ны қарсы алыңыз. Заманауи, технологиялық және таң қалдырар төртінші буын кроссовері– бұл:

  • Қатаң әрі мықты экстерьер
  • 5 немесе 7 орындық таңдаулы және кең салон
  • Smartstream тобының жаңа қозғалтқыштары – 2.5 MPI және 3.5 MPI
  • Euro NCAP краш-тестінің қорытындысы бойынша 5 жұлдыз

Қазақстандағы жаңа Kia Sorento-ның әсерлі Digital тұсаукесерін өткізіп алмаңыз:

Төртінші буын Sorento қазіргі өмірдің барлық сын-қатеріне дайын және өз сегментінде жаңа стандарттар белгілейді. Ол стильді дизайнымен, 5 немесе 7 орындық кең және ойластырылған салонымен, қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен, жаңа қуат қондырғыларымен және заманауи опциялармен, соның ішінде Supervision цифрлық бақылау тақтасымен, Bose премиум класты аудио жүйесімен, панорамалық шатырымен және басқаларымен ерекшеленеді.

Жаңа Kia Sorento ақпараттық желілерге, жүргізушіге көмек беру жүйелеріне және ақпараттық-ойын-сауық технологияларына қолжетімділіктің үздік заманауи мүмкіндіктеріне ие болды.

Кроссовер Smartstream желісінің тиімді және үнемді 2.5 MPI (180 а.к., 232 Нм) және 3.5 MPI (249 а.к., 332 Нм) қозғалтқыштарымен жабдықталған. 2.5 моторы 6 сатылы автоматты беріліс қорабымен, 3.5-с селектор-шайбалы 8 сатылы «автоматпен» үйлеседі. Екі нұсқа да толық жетекті. Terrain Mode жүйесі әр доңғалаққа берілетін айналу моментін тұрақтандыру және тарату жүйесін дәл басқару есебінен балшықта да, қарда да немесе құмда да оңтайландырылған тарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Төртінші буын Kia Sorento-да жабдықтардың жоғары деңгейі бар, ол өз класындағы ең үздіктердің бірі болып табылады. Онда әдепкі бойынша Stop&Go қозғалысын толық тоқтату және қалпына келтіру функциясы бар интеллектуалды круизді басқару (SCC), курстық тұрақтылық (ESC) және жедел тежеуге көмек көрсету жүйесі (BAS), көтерілуде старт ассистенті (НАС), төмен түсуде көмек жүйесі (DBS), белсенді басқарудың интеграцияланған жүйесі (VSM), тіркеменің курстық тұрақтылық жүйесі (TSA), шиналардағы қысымды бақылау (TPMS), артқы қатардағы жолаушылар туралы еске салу функциясы (ROA), алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтары, сондай-ақ қауіпсіздік перделері бар. Автомобиль базалық жиынтықта Drive Mode Select қозғалыс режимдерін таңдау жүйесімен, Apple Carplay және Android Auto қолдауы бар мультимедиа-жүйесімен, артқы көрініс камерасымен, бөлек климат-бақылаумен, жарық және жаңбыр датчиктерімен, жүргізуші креслосының электр жетекпен және алдыңғы әйнектің жақсартылған шудан оқшаулаумен жарақталады.

Kia Sorento Қазақстан нарығы үшін Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығарылады және 5 жыл немесе 150 000 км жүріс кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Kia Sorento туралы толық ақпарат, жиынтықтар, бағасы және дилерлік байланыстар www.kia.com.kz сайтында қолжетімді.

Қазақстандағы Kia ақпараттық желісі: 555 (қоңырау шалу тегін).