Сәбізге келгенде Сұлтановтың сіркесі су көтермейді

Malim Админ

  • 13.07.2021

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов аймақтарда көкөністерді сақтайтын көтерме-үйлестіру орталықтары "саңырауқұлақ тәрізді бір күнде өсіп шықпайды",  көкөніс қоймаларының жоқтығы бағаға тікелей әсер етеді дейді. Алайда министр "картоп пен сәбіздің қымбаттағаны үшін өзіңізді кінәлі сезінесіз бе?" деген сұрақты қою дұрыс емес дейді. Бұл туралы Сұлтанов бүгін өткен онлайн брифингіде айтты.

2020 жылдың сәуірінде сауда және интеграция министрлігі Алматы, Түркістан облыстарында көкөністерді сақтайтын бес көтерме-үйлестіру орталығы құрылып, көкөністер жыл бойы сонда сақталады деген. Ал 2022 жылға дейін аймақтарда 24 көтерме-үйлестіру орталықтары құрылады деп жоспарланған.  Мұндай көтерме-үйлестіру орталықтары көкөністерді сақтап, маусымаралық кезеңде қымбатшылықтың алдын алуға септеседі делінген. Алайда осы күнге дейін салынады делінген көтерме-үйлестіру орталықтары толық жұмыс істемей тұр.

Бүгін өткен онлайн брифинг кезінде журналистер Бақыт Сұлтановтан "осы көтерме-үйлестіру орталықтары толыққанды жұмыс істемей, бұл сәбіз бен картоптың қымбаттауына әкеп соқтырғаны үшін өзіңізді кінәлі сезінбейсіз бе?" деп сұрады.

"Мен сұрақты бұлай қоймас едім, сұрақты бұлай қою дұрыс емес" деген министр көтерме-үйлестіру орталықтарын салу мерзімі шегерілгенін мойындады.

"Бұл жерде іс туралы айту керек. Белгілі бір себептерге байланысты көтерме-үйлестіру орталықтарын құру мерзімі шегерілгені рас. Өйткені  көтерме-үйлестіру орталықтары мемлекет-жеке серіктестік негізінде құрылуы шарт. Сондықтан біз жеке инвесторлардың консорциумымен жұмыс істедік. Жеке бастамалар көтерілді. Тиісті процедуралар мен сараптама жүргіздік.  Өткен аптада мемлекет-жеке серіктестік келісімшарттарына қол қойдық. Жұмыс басталды. Әрине, осының салдарынан кейінге қалдыруға (көтерме-үйлестіру орталықтарын ашуды - ред.) мәжбүр болдық. Тиісті қоймалардың болмауы ауыл шаруашылығы өндірушілердің шығын шегуіне әкелді, бұл ел ішінде өнімдердің бөлінісіне, таралуына әсер етті. Нәтижеде сөрелердегі бағаларға әсер етті. Бұл бір күннің жұмысы емес. Олар (көтерме-үйлестіру орталықтары - ред.) бір күнде саңырауқұлақ тәрізді өспейді. Тиісті кесте бар", - деді Сұлтанов.

Министр бірінші кезеңнің келісімшарты бойынша жеті көтерме-үйлестіру орталығы салынатынын айтты. Бірақ Сұлтанов бұл қоймаларда биылғы емес, 2022 жылы шығатын өнімді сақтауға тырысатынын жетізді.

Сұлтановтың айтуынша, осы көтерме-үйлестіру орталықтары тауар тапшылығы мен өнімдердің сақтаудың сұранысын жаппайды.

"2020 жылы жиналған көкөністерді сақтауды жоспарлағанымыз жоқ. Тіпті 2022 өнімдердің бір бөлігін ғана сақтай аламыз. Мысалы, Павлодар облысында картоп сақтай аламыз. Бұл бизнесмендерді ынталандыру үшін жасалған сынақ инструменті ғана. Бұл жерде жауапкершілік туралы сөз болып тұрған жоқ", - деді Сұлтанов.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды