Еріктілер 21 вагон шөпті Маңғыстауға жіберді

Malim Админ

  • 18.07.2021

Түркістан облысында шөп жинап жүрген еріктілер қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына кеше тағы он вагон шөп жіберді. Ерікті Мұратбек Солтанбай Маңғыстауға жібере алмай тұрған он вагон шөпті "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы тегін жөнелтті дейді.

"17 шілде күні жете алмай тұрған он вагон шөп Маңғыстауға жіберілді. Жерде жатқан шөп түгел тиелді. Бүгінге дейін Маңғыстауға 21 вагон шөп жіберілді. Енді он вагон шөпті тағы тиеп жатырмыз. Тоқтап тқрған вагондарды "Қазақстан темір жолы" тегін жөнелтті", - дейді Мұратбек Солтанбай Facebook-тегі парақшасында жариялаған видеода.

Ерікті Мұратбек Солтанбай Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облысы, басқа да аймақтарды оңтүстіктен үлгі алып, Маңғыстауға шөп жөнелтуге шақырды.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы шілденің 16-сы күні Маңғыстауға шөп жеткізумен айналысып жүрген еріктілерге берген уәдесін толықтай орындағанын жеткізген.

"12 шілде күні ұлттық компания  мен "Қазтеміртранс" АҚ («ҚТЖ» ҰҚ» АҚ еншілес мекемесі) басшылығының тапсырмасы бойынша тез арада вагондар қарастырылып, жеке экспедитор компаниялардың қаржылай қолдауымен шөп тиелген 5 вагон батыс өңірге жіберілді. 2021 жылдың 16 шілдесіне дейінгі шұғыл ақпарат бойынша, серіктестер «Шынгар Транс» ЖШС, «Проммаш KZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс»ЖШС қаржылай қолдауымен Арыс және Сарыағаш станцияларынан батысқа 10 вагон жөнелтілді. Тағы 30 вагонға қосымша өтініш түсті. Вагонға деген сұраныс әлі де көбеюі мүмкін.   Күрделі жағдайды ескере отырып, ұлттық компания вагондар мен локомотивті қоса алғанда еріктілер жинаған шөпті тегін тасымалдау туралы шешім шығарды. Бұл жеңілдік шектеулі уақытқа дейін күшінде болады", - делінген "ҚТЖ" баспасөз хабарламасында.

Шілденің 15-і күні еріктілер Құрмет Талапқазы мен Мұратбек Солтанбай Маңғыстау облысына тағы он вагон шөпті жөнелте алмай жатқанын айтып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшылығынан көмек сұраған.

Маусым айында Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы қуаңшылықтан малдың қырылып жатқаны туралы хабар тарай бастады. 14 шілдеде Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, екі өңірдегі қуаңшылықтың салдарынан 2 мың бас мал қырылған.

Маусым айында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы Маңғыстау облысына шөп жинау науқанын бастаған болатын

Оқи отырыңыздар: «Маңғыстауда мал қырылып жатқанда, Шымкентте пайда тауып жата алмадым»

Фото: Сарыағаш ауданының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады