Атырауда алпыс жыл тазаланбаған каналда балық қырылып жатыр

Malim Админ

  • 19.07.2021

Атырау облысы Ақбас (Қызтуған) учаскесі маңында Нарын каналының бойында өлі балықтар табылған.

"Қазсушар" РМК филиалының бригадалары екі центнерден аса балық жинап, арнайы бөлінген жерлерге көмді. Сонымен қатар, каналды тазартумен айналысты.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Ақбастағы су деңгейі соңғы уақытта қатты төмендеп, мөңке, қаракөз және басқа да ұсақ балық оттегі жетпегеннен қырылып жатыр.

"Махамбет ауданы Ақтоғай ауылынан бастау алатын Нарын каналы 1960 жылдан бері пайдаланылып келеді. Каналдың ұзындығы 200 шақырым, оның 130 шақырымы Исатай ауданына тиесілі. Оның бойында көптеген шаруа қожалығы орналасқан. Осы жылдар ішінде канал бірде-бір рет жөнделмеді, оның өткізу қабілеті төмен, сондықтан балық та өледі", - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Жақында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына жұмыс сапары барысында Нарын каналының жағдайымен танысып, оны күрделі жөндеу мәселесін міндетті түрде шешетінін айтты.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks