Тоқаев: Әкімдердің жартысы пандемия емтиханынан "үшпен" сүйретіліп шықты

Malim Админ

  • 19.07.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал бойынша кеңес өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде вакцинация қарқыны жақсы болғанына қарамастан, вакинация көрсеткіші барлық аймақта жақсы емес екенін меңзеді.

"Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу. Бүгінде 2,8 миллион адам толық вакцина салдырды.  Бірақ жақсы қарқынға қарамастан, аймақтардағы ахуал жайлы бұлай біржақты кесіп айтуға болмайды. Пандемия аймақ басшылары үшін сынаққа айналды. Бұл емтиханнан әкімдердің кемінде жартысы  "үшпен" сүйретіліп шықты, - деді Қ.Тоқаев.

Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев жиында "үшпен сүйретіліп шыққан" қандай аймақтардың әкімдері екенін ашып айтпады.

Тоқаев вакцинация қарқыны төмен аймақтарға әдістемелік көмек көрсететін арнайы бригадалар жіберу керектігін айтты. Тоқаевтың айтуынша, әр аймақтың ерекшелігін алдын ала зерттеп бару керек.

Сондай-ақ Тоқаев вакцинаны тасымалдау мен сақтау мәселесін жете ойластыру керектігін айтты. Президенттің айтуынша, бұл жұмыс барлық аймақта бірдей тиісті дәрежеде жолға қойылған деуге болмайды.

19 шілдедегі дерек бойынша, елімізде вакцинаның екі компонентін 2,7 миллион адам салдырды. Вакцинация қарқыны бойынша, Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстан облысы артта келеді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.