Астанада инфекциялық ауруханалардың 72 пайызы бос емес

Malim Админ

  • 22.07.2021

Астанада індет шарықтау шегіне жетті, коронавирус жұқтырғандардың емдейтін инфекциялық ауруханалардың орындардың 72 пайызы бос емсе. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.

Астанада ауруханаға жоспарлы жатқызу мен күндізгі стационарлардың жұмысы тоқтатылды.

22 шілде күні таңертеңгі ақпарат бойынша, инфекциялық стационарларда 2556 науқас ем алып жатыр. 16 стационарда бардығы 3 562 орын бар.

"Біз төсек-орын санын көбейтіп, бүкіл ресурсты жұмылдыруға мәжбүрміз. Күніне 10-15 адам қайтыс болып жатыр. Соңғы тәулікте 333 адам ауруханаға түсті", - дейді Тимур Мұратов.

Қазір науқастардың 230-ы реанимация бөлімінде, 70 адамның жағдайы ауыр, 47 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір инфекциялық ауруханаларда 1006 орын ғана бос, ал реанимация бөлімінде 62 орын ғана қалған. Өткен тәулікте 4 мыңнан астам жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

Шілденің 19-ы күні "Хабар 24" арнасына сұхбат берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде инфекциялық ауруханалардағы орындардың 70 пайызы бос болмаса және қосымша төсек-орын қосу мүмкіндігі болмаса, локдаун енгізілуі мүмкін екенін ескерткен.

Фото: Zhong Nanxuan / Xinhua / Global Look Press

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks