Цой Pfizer-дің мамырда елге әкелінбей қалғанына кім кінәлі екенін айтпады

Malim Админ

  • 23.07.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  "Pfizer вакцинасының елге мамыр айында алып келу жоспарының орындалмай қалғанына кім кінәлі?" деген Malim.kz сұрағына нақты жауап бермеді. Министрдің айтуынша, "Қазақстан бұл вакцинаның елге тезірек жеткізу үшін барынша әрекет етуге тырысты".

"Бүкіл келіссөз процесі құпия, оны жария етуге болмайды. Сондықтан біз келіссөз процесіне түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ Қазақстан вакцина тиімді шарттармен жақын уақытта жеткізілуі үшін барын салды. Келіссөз жүріп жатыр. Келісімге жақында қол қоюымыз керек. Ең бастысы, біз өзімізге тиімді шарттарға қол жеткіздік. Әрине, мемлекет басшысы бұған көп мән берді. Біз тез арада жеткізуге тырысып жатырмыз", - деді Алексей Цой.

Malim.kz тілшісінің "Pfizer-дің мамыр айында елге келмей қалғанына сіз кінәлісіз бе?" деген сұрағына Алексей Цой " келісімшартта өзі айта алмайтын көптеген нәрсе болғанын" айтты.

"Бұл жерде айта алмайтын көптеген жағдай мен келісімшартқа қосылған көптеген жайт болды. Ол шарттармен біз келіспедік. Қазір ортақ келісімге келдік, келісімшарт аяқталуға таяу. Сондықтан кім кінәлі, кім кінәлі емес деп айту – бұл келіссөз процесі. Қазақстан дұрыс шарттарға қол жеткізбейінше, бұл келісімді іске асыра алмаймыз", - деді Алексей Цой.

10 шілде күні үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасының 2 миллион дозасы Қазақстанға мамыр айында жеткізілуі тиіс еді, бірақ ол жоспар іске аспағанын айтты. Алайда Тоқаев вакцинаның елге жеткізілмеуіне кім жауапты екенін ашып айтпады.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды