Төрт баланың анасы Балнұр Ермекбаева Маңғыстауға жем-шөп жіберуді ұйымдастырып жүр

Елнұр Бақытқызы

  • 26.07.2021

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғыны, 29 жастағы Балнұр Ермекбаева "Шопан Ата" мал өсірушілер ұлттық қауымдастығының бастамасымен қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына бір вагон жем, бірнеше жүк көлік шөп жіберді. Балнұр Ермекбаева Malim.kz-ке жем-шөп жинау науқанындағы халық көмегі, бұл істің ұйымдастырылуы мен жем-шөпті қалай жеткізгені жайлы әңгімелеп берді.

Маңғыстауға жем-шөп жинау бастамасы туралы

Қуаңшылық басталғалы бері Маңғыстау облысына жем-шөп жіберуді ұйымдастырып жатқан еріктілер туралы әлеуметтік желіде оқып тұрамын. Біздің жем-шөп жинау бастамасына келсек, осы істі ұйымдастырудың басы-қасында жүрген – "Шопан Ата" мал өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев. Өйткені барлығымыздан бұрын Алмасбек Садырбаев Маңғыстау облысына барды, ел аралап, ахуалмен танысты. Қуаңшылықтан Маңғыстауды жұт жайлады деп алғашқы болып дабыл қаққан, президентке үндеу жолдап, министрліктердің кабинеттерінің есігін қаққан сол кісі болатын. 

Өзім "Шопан Ата" қауымдастығының Ақтөбе облысындағы өкілімін. Алмасбек Садырбаев: "Ақтөбе облысында жем-шөп береміз" деп жатқандар бар. Сол істі ұйымдастырып, көмек жіберуді қолға алсаң", - деп хабарласты. Бірден келістім. Сөйтіп, жұмыс басталып кетті.

Шын мәнінде, менде әлеуметтік желіде көп отыруға уақыт жоқ. Өйткені  бір үйдің келінімін, төрт баланың анасымын, кіші балам  жеті айлық. Қарт ата-енем мен жолдасым бар. Барлығының  көңілін тауып, шай-суын әзірлеп, ортасында қоғамдық істерге араласып жүрмін.

Екі бірдей жоғарғы дипломым бар. Мамандығым – педагог-психолог. Бірақ ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығына бет бұрған жайым бар.

Балнұр Ермекбаева жолдасымен бірге

Маңғыстауға көмек қалай ұйымдастырылды?

Маңғыстау облысындағы ахуалды төтенше жағдай десек те болатын шығар. Оған бәріміз көмек қолын созуға мүдделіміз. Қазақстанның әр азаматы бұл іске атсалысуы керек. Сондықтан біз көмекті сырттан күтпей, Қазақстанның ішінде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Осы себепті бұл іске оң көзбен қарадым, қолымнан келетінін білдім.

Басты нәрсе, демеушіміз де – халық, қолдаушымыз да – халық. Оның үстіне Маңғыстауда зардап шегіп жатқан да – қарапайым халық. "Шопан Ата" қауымдастығы Маңғыстауға жем-шөп жинау бойынша асар бастаған болатын. "Шөп пен жем бере аламын" деген азаматтардың көмегін алдық, халықтан асарға түскен қаржыны үнемдеп, барынша төмен бағаға жүк көліктерін іздестіріп, тасымалды ұйымдастырдық. Біз белгілі бір логистикалық компаниядан немесе "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының тегін көмегін алғанымыз жоқ. Бізге әкімдік те көмек бермеді. Барлығы қауымдастық қорына халықтан түскен ақша мен қауымдастықтың өз ақшасына жасалып жатыр. Яғни бұл іске халықтың ақшасы ғана емес, "Шопан Ата" қорындағы қаражат та жұмсалып жатыр.

Ақтөбе өңірінде көмек қолын созамын деген азаматтар маған хабарласады. Оның ішінде "осынша гектар жер телімі шабындығым бар еді, техникаларыңыз болса келіп шауып алыңыздар" дейтіндер де бар. Техника іздеп, техника шығынын өтеп, оған бензин не дизель құйып беріп, шөп шауып, жинаған соң, жүк көліктерін тауып, оған шөп тиеу тәрізді жұмыстарды рет-ретімен орындап жатырмыз.

Жемді Қостанай қаласындағы жем өндіретін ірі зауыттардың бірінен төменгі бағамен  алып жатырмыз. Күні кеше ғана сол жерден 70 тонна жем алып, Маңғыстауға вагонмен жібердік. Бүкіл Қазақстан Маңғыстауға 500 тонна жем жібергелі жатса, біз 70 тонна жем жөнелттік.

Басты қиындық туралы

Бұл жұмысты ұйымдастырудағы басты қиындық – логистикалық компания табу. Шөпті үлкен жүк көліктерімен жіберіп жатырмыз. Өткенде 30 тонна шөпті жібердік, 25 тонна шөпті тағы жіберіп жатырмыз. Әлі де жібереміз, бұл көмекті тоқтатпаймыз. Өйткені Маңғыстаудағы жағдай тұрақталған жоқ.

Маңғыстауға Ақтөбеден үлкен жүк көлігімен шөп жіберудің құны 700-800 мың теңге тұратын болса, біз арзан бағамен жеткізіп беретін шағын логистикалық компаниямен келісіп, 450 мың теңгеге жеткізіп жүрміз.

Әлі де жіберетін шөп бар. Оны жинауға машина іздестіріп жатырмыз. Өзімнің жеңіл көлігім жоқ. Осы шаруаны атқару үшін бір жерге тексимен, енді бір жерге таныстарымның көлігімен жетіп жүрмін.

"Шопан Ата" қауымдастығының Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданы, Шетпе мен Жаңаөзенде өкілдері бар. Біз жіберген шөпті сол кісілер күтіп алып, халыққа таратып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтып берді

29.03.2024

Сотта Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкеновамен жазысқан хаттарын оқыды

29.03.2024

Букмекерлік кеңселер мемлекетке бәс тігушілер туралы ақпарат беруге міндеттеледі

29.03.2024

Су тасқыны: Өз міндетіне салғырт қараған лауазымды тұлғалардың жұмысы тексеріледі

29.03.2024

Алматыда күзетшіні өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

29.03.2024

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

29.03.2024
MalimBlocks
Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтып берді

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді қарындасының өлімі туралы қашан және кімнен естігенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотта Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкеновамен жазысқан хаттарын оқыды

Сотта Салтанат Нүкенованың ағасы екеуі жазысқан хаттарын оқып берді, деп мәлімдейді Malim.kz.

Букмекерлік кеңселер мемлекетке бәс тігушілер туралы ақпарат беруге міндеттеледі

Енді тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер бәс тігуші азаматтарға қатысты ақпарат беруге міндеттеледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Су тасқыны: Өз міндетіне салғырт қараған лауазымды тұлғалардың жұмысы тексеріледі

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыда күзетшіні өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыда бизнес-орталық отқа оранды

Алматыда бизнес-орталық өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.