Жалған мәліметті растау үшін пара алу – елді емес, өзіңді алдау

Айбек Ережеп

  • 26.07.2021

Еліміздегі ең ірі облыстардың бірі – Алматы облысы. Ел экономикасына да, саяси қалыбына да әжептәуір ықпал етіп отырған ірі өңірдің соңғы кездері жемқорлықтың шырмауына бата түскені байқалады. Бәлкім соңғы кез емес шығар, бірақ кейінгі уақыттарда осы облыстың шенеуніктері жемқорлықпен көп ұсталатын болды. Аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары тұрақтамайтын болды. Блытры пандемия кезінде осы облыстың білім бөлімінің басшысы мектептерге ноутбук алуға бөлінген ақша жеп қойғаны үшін ұсталды. Білімге бөлінген ақшаны жеу былай тұрсын, тіпті, қарасаңыз, өз баласының, ары кетсе немересінің алдындағы құралын тартып алып отыр ғой. Ал бұған ел құлағына да, жұрт назары да әбден үйренген сияқты. Мызғымайтын облыс әкімі Амандық Баталов өзі тағайындаған адамдары жемқорлықпен ұсталып жатқанда қандай күйде болады екен. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлатын Әбішұлы Назарбаев бұндай жағдайда сатқындық жасағандай қиналатынын айтқан. Бір биліктің тұтқасын сеніп тапсырады, ал оны өз пайдаңа, өз қлатаңа пайдаланасың. Бұл ар мен ұяттың алдында, Құдайдың алында ауыр күнә екенін бүгін тіпті естен шығарғандаймыз. Мемлекеттік қызметке барып, пара алмасаң, жексұрын, пара бермесең, жұмыссыз боласың деген теріс қағида әбден санаға сіңгендей. Елімізге белгілі академик, мемлекет және қоғам қайраткері Төрегелді Шармановтың: «Қазір өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан адамнан пара сұрайтын халге жеттік. Бұған қатысты біреулер жалақысының аздығын, отбасын асыраудың машақатын айтып ақталады. Бірақ жалақысы қомақты, отбасын асырауға толық қабілетті, қолынан іс келетін жоғарыда отырғандардың да осы дертке ұшырағаны жасырын емес.

Сайып келгенде, бәрінің тонайтыны – қара халық. Сол қара халықтың парақорға жем болып жатқанын көргенде «қандай заманға тап болдық» деп баз кешетінім де рас. «Орамалын» жасап мәселені шешуге дағдылану – аса қауіпті дерт. Егер біз болашақта ұлт болып ұйысқымыз келсе алдымен осы індеттен арылуды ойластырғанымыз жөн. Жемқорлықпен қоғам болып күресуіміз керек. Бірден пара беруге ұмтылғанша мәселені басқаша шешудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Тіпті кейде заңды білмегендіктен, тілді жетік меңгермегендіктен оп-оңай болмашы нәрселерді шешуге «рахметін» айтып сый ұсынатындар да бар.

Мұның барлығы күні ертең қазақтың даму үлгісіне кері әсер ететін жайттар. Сондықтан өркениетті елдердің қатарынан көрінгіміз келсе қоғам парақорлардан тазаруымыз керек» деп, ағынан жарыла, қынжылып көпшілікке тіл қатуы бекер емес. Бұл ел басындағы ағаларға да айтылған тілек-наз, ақсақалдық ақыл десек те болады.

Бірді айтып, бірге кетеміз, Алматы облысының Қарасай аудандық сотының үкімімен мемлекеттік аудитор – «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» Мемлекеттік Мекемесі мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы Г. Қалдарбекова (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес) 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Г. Қалдарбекова «Қарасай ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі лауазымды тұлғаларынан мемлекеттік аудиттің оң қорытындылары үшін 17 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бапсасөз қызметі: «Ол параны төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын қаржыландырудың және мақсатты пайдалануының негізділігі мәселелері бойынша және мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында аударымдардың залалдарын субсидиялауға, сондай-ақ 2017-2020 жылдар кезеңінде цифрлық технологияларды енгізуге, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген жұмыстар үшін алған»,- деді ресми жариялаған хабарында. Аудит бөлімі нағыз мемлекеттік ақшасын қадағалап отыратын, бюджеттің дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме еді. Ал оны кей адамдар май шелпекке айналдырып алған.

Ал осы Алматы облысының Қаратал ауданында жолдың бұрынғы басшысы сыбайластарымен 93 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айыппен 7 жыл 3 айға сотталды, Алматы облысы Ескелді аудандық сотының үкімімен мынандай тұлғалар кінәлі деп танылып, сотталды: «Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік Мекеме басшысы Р. Алиянов, (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі) 7 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығы жойылды; «Алмаз-М» ЖШС директоры Д. Мусаев (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 385-бабы 1-бөлігі) 7 жылға 3 айға бас бостандығынан айырылды; «Кравинжиниринг» ЖШС басшысы В. Крутиков (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28-бабы, 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі деформацияны көрсетіп отыр»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ресми жариялаған ақпаратта. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес, сотталғандар Үштөбе қаласындағы Төле би көшесін күрделі жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырып қалуды көздеген. 2018 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында орындалған жұмыстардың №2 және №3 актілеріне «Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Төле би көшесін күрделі жөндеу» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде олардың нақты мазмұнын бұрмалайтын жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 93 111 040 теңгеге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, о күдік расталып, енді міне сотталып отыр. Сонда бір ғана көшеге бөлінетін ақша 93 миллион! Сұмдық ақша ғой! Ал осыны жеп жатқандар халықтың ақысын жеп отырмыз деп бір ойламай ма?

Осы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс-қимыл агенттігігің департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша әшкерелегені белгілі. Департаменттің басшысы өзіне бағынышты – бас маманның делдалдығы арқылы Талғар ауданы АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін ірі мөлшерде пара алу күдігіне ілінген. Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ. Бірақ олар басқа да мәлімет береді. Тергеу жүріп жатқанна кейін тергеушілер басқа мәліметті сақтауға құқылы. Сонда қарасаңыз, аудит бастығы да, мына департамент басшысы жалған мәліметті растау үшін пара алған. Сонда бұлар өздеріне сеніп тапсырған билікті пайдаланып қана отырған жоқ. Өздерін тағйындаған басшыларды алдап отыр. Өз бастығын өзі алдаған қызметкерлер қалай мемлекетке қызмет етпек?

Бюджеті мол Алматы облысы бұндай талан-таражыға түспеуі керек. Осы Алматы облысының фонында бүкіл республика тұр деп есептесе де болады. Заман қиындаған сайын ел-жұртты жесек, қайдағы дамыған ел бізге? Тіпті, дамушы елге де жатпай қаламыз. Бір орында тұрған, я кері кеткен ел боп тұрамыз. Ал ол бізге керек пе? Жоқ! Онда неге халықты тонаймыз?

Алматы облысының әкімі бұл мәселеге үлкен көңіл бөледі деп ойлаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған облысты өзі сеніп осы Амандық Баталовқа тапсырған. Ал Баталов Алматы облысын жемқорлыққа батырмай, құтқаруы тиіс.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады