Қазақтың киелі даласы

Берік Жанатханұлы

  • 21.07.2021

Қазақ баласының қайсынан сұрасаңыз да қазақ даласының бәрі киелі дер еді. Бұл ең бірінші Отанды сүюге тәрбиелейтін қасиет болса керек-ті. Өз атамекенінің тарихын біліп, ардақтау кез келген перзенттің борышы болса керек. Өйткені әркім өз туған елін қорғауы тиіс. Отансүйгіштік қасиет бүгінгі кезде ең алдымен керек болып тұр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» деп, нақты ұсыны сайтып, тапсырма берген болатын. Сол тапсырма негізінде 2017 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған еді. Бұл орталықтың жұмыс істеп тұрғанына биыл бес жыл болады. Осы бес жылда біршама еңбек істеліп, қаншама тірілк тындырылды.

Ең бірінші «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы елі­міз­дегі қасиетті, тарихи орындар­ды анықтап, ұлттық-идео­логиялық тұрғыда олардың деңгейін нақтылау мақ­сатында ғы­лыми-сараптамалық кеңес құр­ған болатын. Ғы­лыми-сараптамалық кеңестің құрамына жер-жердегі өлкетану­шы­лар, этнограф-ғалымдар, аймақ­тағы салалық мекеме қызмет­кер­лері кіргізілген еді. Бұл дұрыс та еді. Өтйкені жергілікті жерде сол аймақтың тарихын, өлкесін зерттеп жүрген мамандар атылған аймақтың жөнін жақсы біледі. Осылайша тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен өңірлер­дегі тарихи-өлкетану музей қыз­мет­керлерінің атсалысуымен жеріміздің әр тарабында орналасқан қасиетті-киелі, рухани-тарихи маңызы зор нысандардың тізімі жасалды. Бұл ең әуелі ғылым мен тарихқа келер айтарлықтай жаңалық еді. Әрі қаншама білмейтін жерлерді осы кезде баспасөз бетінен оқып біліп қалдық.

Сол жұмыстан соң барлық өңір­ден жинақталып, жұмыс тобына түскен мыңға жуық нысан­ға ғылыми-сараптама жасалып, осы­лар­дың ішінен жүз нысан жал­пы­ұлт­тық деңгейлі, бес жүз ны­санөңірлікі маңызы бар қасиет­ті орын тізіміне енгізілді. Осы нысан­дар туралы ақпарат жинақталып, «Қазақстанның жалпыұлт­тық қасиетті нысандары» және «Қазақ­станның өңірлік қасиетті нысандары» атты үлкен еңбек қазақ және орыс тілдерінде, объектілердің суретімен қоса жарыққа шыққан болатын. Және де арнайы электронды сайты жасақталып, қазір жұмыс істеп тұр. Бұл қазақ тарихын білгісі келетін, қазақ жерінің тарихын білгісі келетін кез келген оқырманға таптырмас дүние.

Бұдан бөлек, «Қазақс­тан­ның қасиетті жерлерінің географиясы» деген атпен виртуалды-интерактивтік карта жасалып, «Қазақстанның қасиетті жер­лерінің энциклопедиясы» атты бес томдық оқыр­ман қолына тиді. Жалпыұлттық ті­зімге енген кесе­не­лерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстыратын 3D мо­дель­ді көрсетілім әзірленіп, көрермендерге таратылды. Сонымен бірге жергілікті нысандарда туристерге қол жетімді болып тұр. Әлеуметтік желілерге ар­налған мобильді форматтағы 40 се­кундтық бейнероликтер мен елі­міздің киелі жерлері тура­лы 4 ғылыми-көпшілік дерек­ті фильм түсіріліп, сол кездері Natio­nal Geographic, BBC секілді бү­кіл­әлем­дік беделді телеарналарда көрсе­тілген болатын. Бұл өз еліміздің тарихын өзімізге ғана емес, өзгелерге де айшықтап таныстырған зор мүмкіндік еді. Осы бағытта, яғни, туған еліміздің қасиетті нысанда­рын басқа елдерге таныстыру мақ­сатында Шәкен Ай­манов атындағы «Қазақ­фильм» Акционерлік Қоғамы түсірген жиырмадан астам ғылы­ми-та­нымдық деректі фильм­ көрермендерге ұсынылды. Олардың ішіндегі ең ірісі «BBC WorldNews» телеарнасы­мен бірігіп түсірген «Алтын адамға» арнал­ған «Ал­тын жауынгер» атты дерек­ті фильмінің тұсау­кесері едімізбен қатар, шет елдерде де көрермен назарына ұсынылған еді. елімізде және шет елдерде өтті. «BBC WorldNews» телеарнасы осымен қатар, «Қожа Ах­мет Ясауи» және «Айша бибі» фильмдерін түсіруге ат салысқан еді. Дүниенің шартарабына танымал болған тарихымызды бүгін өзіміз түгендеп, өзгелердің назарына салып отырмыз. Ендігі кезед осы жұмыстардың қайтарымы болып, бұл әлемдік деңгейдегі нысандарға айлауы тиіс. Қазір әлем жұрты Лувр мен Эрмитаждан жалықты. Оларға жаңа дүние керек. Біздің ескі дүниелеріміз оларға жаңа болып көрінеді.

2017 жылы Үкімет қаулысымен құрылған «Бозоқ», «Ботай», «Са­райшық» мәдени-тарихи музей-қо­рықтары қазір қызу жұмыс істеп жатыр. Сарайшық қаласының орнында археологиялық жұмыстар жүргізіліп, бір замандағы Алтын Орданың еңселі ордасы болған қаланың орны әлі толық зерттеліп болған жоқ. Онда жатқан тоғыз ханның сүйегі анықталса, тарихымыз қайта жазылары сөзсіз.

Осы жылдардан бері еліміздегі тарихи, мәжени ескерткіштерді қай жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шақпақ ата, Қа­раман ата, Ясауи, Арыстанбаб, Жошы хан, Бекет ата кесенелері, Ақыртас, Аппақ ишан ке­шендері, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Ежелгі Тараз, Талғар қалашықтары бар. Бұл біздің тариыхмыз. Өз тарихымызды өзіміз әспеттемесек, ешкім келіп жазып бірмейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Қасиетті Қазақстан» жо­басы аясында аймақтарда да көп жұмыс істелді. Әлі де істеліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихға мән беретін ұстанымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымымен сәйкес келді. Сондықтан бұл тараптағы жұмыстар одан әрі жанданбаса, толастаған жоқ.  Атырау облысындағы Құл­сары қаласынан отыз шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ­мешіт» кешеніне жаңадан жол салынды. Ақмоладағы Ақан сері, Біржан сал ескерткіштері жөнделіп, оларды таныстыру жұмыстары жасалды. Уәли ханның кесенсі қайта жасалды.

Шығыс Қазақстандағы Берел қорғанына тарихи-археологиялық музей кешені салынып, бесінші қорғанның үс­ті­не шыны күмбез-шатыр орнатылған болатын. Ырғызбай, Қоңыр әулие кесенелері де қайта жөндеуден өтті. Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында кесенесі мен музейлері қайт ажөндеуден өтіп, Құнанбай әулеті жатқан Ақшоқы, Абай дүниеге келген Қасқабұлақ басына жөндеу жұмыстары жүргізіліп еді. Енді алдағы жылы М. Әуезовтің мерейтойы осы кезде ұлы жазушымыздың да туған жері мен музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе жақсы болар еді.

Былтыр Ұлытаудағы Жошыхан кесенесі қайта жөндеуден өтті. Батыс Қазақстан облысында орта­ғасырлық «Жайық қалашығының» аспан астындағы ашық макеті жасалды. «Бөкей Ордасы» тарихи-мәдени кешеніне баратын жолға жөндеу жүргізілсе, дәл осы сияқты Жамбыл облысы аумағында орналасқан «Ақыртас» кешеніне қатынайтын жеті шақырымдық жолға асфальт төселген.

Маңғыстау өңіріндегі Х-ХІХ ғасырлар мұра­сы Бекет ата, Шопан ата, Қара­ман ата, Масат ата, Сисем ата, Шақ­пақ ата, Сұлтан епе сынды насындарға жөндеу жұмыстары жүргіізіліп, туристердің келуіне ыңғай жасады.

Осымен қатар Алматы облысындағы Көлсай көлдеріне жаңадан жол салынып, туристерге қолайлы жағдай жасалып жатыр. Бұл жұмыстардың бәрі түптеп келгенде ішкі туризмді дамытатын қадамдар. Әлемдік пандемияға қатысты бір жағы қазір ішкі туризм күшейіп келеді.

Қапал өңірінде орналасқан Тамшыбұлақ бұлығына да реттеу жұмыстары жасалды. Тамшыбұлақтың да тарихы тым тереңде.       «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабында: «Тамшыбұлақ бұлағы – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын жергілікті тұрғындар көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы-жазы көк шөптермен көмкеріліп, суықта бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан. Тамшыбұлақтың суы адам денсаулығына шипалы һәм пайдалы екенін ғалымдар да мойындаған.

Тамшыбұлақты алғаш рет зерттеп, сол туралы тарихи деректерді 1859-1865 жылдары атақты саяхатшы, этнограф Ш. Уәлиханов жазған. ІХ ғасырдың екінші жартысында бұл жерде белгілі ғалым, географ, тарихшылар Ш. Уәлихановпен бірге Н. Потанин, Семенов-Тянь-Шяньский болып, бұлақтың өзіндік қасиетіне таң-тамаша қалған.

Тамшыбұлақты зерттеп, артында мол деректер қалдырған Шоқан Уәлиханов көне көз қариялардан мынандай аңыз жазып алған екен: «Күн сәулесіне құбылған Тамшыбұлақтың тамшылары бірін-бірі сүйген сұлтанның қызы мен шопанның ұлының көз жасы екен». Сұлтанның қызы Баян әр түн сайын осы қасиетті Тамшыбұлақ шипалы суына келіп, өзінің ауыр тағдырын айтып жылаған екен. Міне, тамшылап тұрған тамшылар – Баян қыздың көз жасы». Сонымен қатар, 1850-1870 жж. Жетісудың аңыздары мен әңгімелерін жинаған Г. Потанин Тамшыбұлақ туралы керемет мінездеме, сипаттама жазып кеткен» деп жазылған.

Бұл тараптағы жұмыстар әлі жалғаса береді. Соңғы уақытта Тамшыбұлақтың суының дақпырты ел-елге тарап, оның шипалы суына қызыққандар келіп, литрлеп алып кетіп жатады. Бір сайдың қабырғасын ала жар боп біткен беткей тұтас шымнан тұрады. Тасқа өскен қыналарды шымымен қосып адамдар қопарып алып кететінді шығарыпты. Бұл соңғы уақыттардағы жайсыз құбылыс. Бірақ жергілікті тұрғындар оны қорғап бағуда. Күнде Тамшыбұлақтың суына келіп беті-қолын жуып, шиалы суынан ішетін Оралхан Қырықбаев, адамдар қолда барда алтынның қадірін білмейтінін айтады. «Біз табиғатты бағаламаймыз. Қадірін білмейміз. Өскен жерім осы жер. Тамшыбұлақтың бала кезде ар жағында қабырғасы көрінбейтін. Көк шөп те көрінбейтін. Суы да мол еді. Қазір суы азайып кетті», - деп мұң шағып отыр.

Елбасы Нұсұлтан Назарбаев өз билігін Қасым-Жомарт Кемелұлына табыстап, Тоқаев мырза жаңа президент боп сайланғанда, сабақтастақ болатынын айтқан. Осы сабақтастық жалғасып келеді. Бұндай қсиетті жерлердің қадірін Оралхандай қадірлі қазақтар ешқашан жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа аманаттайды. Қазақтың киелі жері жасай берсін!

Байланысты жаналықтар

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

29.03.2024
MalimBlocks
Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.