Ұжымдық иммунитет қалыптастырып, қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцинация

Malim Админ

  • 30.07.2021

Вакцина салдырған соң шетелге қашан шығуға болады? Вакцинаның қайсысы тиімді? Вакцина салдырғандар вирус жұқтырса, ауру қалай өтеді? Алматы қаласының№5 қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзахова аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осы сұрақтарға жауап берді.

1. Вакцинациядан кейін дәрігерлер қандай ұсыныстар береді? Кей адамдар шетелге шыққанға дейін бірнеше күн бұрын вакцина алады. Бұл қауіпсіз бе?

– Вакцина салғаннан кейін үш күн бойы алкоголь ішімдік ішуге болмайды, моншаға түсуге болмайды және күн сәулесіне шығып, күнге күймеген дұрыс. Өйткені бұл факторлар вакцинация әсерін төмендетеді. Вакцинаның бірінші дозасын алған соң шетелге шықпаған жөн. Өйткені бірінші дозадан кейін иммунитет толық қалыптаспайды. Вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары.Сол себепті 21 күннен кейін екінші компонетті алу керек. Вакцинаның екінші дозасын салдырған соң 20 күн көпшілік жерге бармаған дұрыс. Барлық санитарлық талаптарды сақтап, маска тағып, өзін жылы ұстау керек.

2. Екпе салдырғаннан кейін қандай да бір реакция пайда болса, дене қызуы көтерілсе, бұл сол адамның иммунитеті, ковидке қарсы қорғанышы жоғары дегенді білдіре ме?

– Медицинада мұны поствакционалды реакция деп атайды. Оған дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, қалтырау соған жатады. Ал вакцинаның жергілікті әсері – бұл екпе салдырған жердің ауыруы, қызаруы.

Дене қызуы көтерілсе, басқа да поствакционалды реакция болса, бұл сол адамның иммунитеті вакцинадан кейін дене қызуы көтерілмеген адамдікінен жоғары, я жақсырақ қалыптасты дегенді білдірмейді. Вакцина әркімге әрқалай әсер етеді. Біреудің дене қызуы көтеріледі, енді біреудікі көтерілмейді. Бірақ бұл дене қызуы көтерілмеген адамның ковидке қарсы иммунитеті әлсіз дегенді білдірмейді. Вакцинадан кейін әлсіздік, басқа да әсерлер болмаса да, адамның вирусқа қарсы иммунитеті өте жоғары бола береді.

3. Вакцина салдырғандар вирусты жұқтырып алса, олардың ауруы қалай өтеді?

– Стационарға түсетіндер негізінен вакцина салдырмағандар. Бізде вакцина салдырғандар арасында вирусты жұқтырып жатқандар өте аз, бір пайызға жетер-жетпес. Вакцина салдырғандар жұқтырса, әдетте жеңіл өткереді, симптомсыз ауырады. Аурудың асқынуы болған жоқ.

4. Вакциналардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?

– Елімізде векторлы (Спутник V) және инактивті вакциналар (QazVac, HayatVax, CoronaVac) қолданылады. Өндіруші елдер әртүрлі, "Спутник V" Ресейдікі, HayatVax, CoronaVac Қытайдікі, ал QazVac Қазақстандікі. Созылалы ауруы бар адамдарға инактивті вакцина салуға кеңес береміз, өйткені оны жеңіл өткереді. Ал былайша, бір-бірінен басқа айтарлықтай айырмасы жоқ.

5. Халық неге тез арада вакцина салдыруы керек?

– Алматы қызыл аймақта. Адамдар ауруханаға, реанимация бөліміне түсіп жатыр. Иммунитет қалыптастыру үшін тезірек вакцина алуға шақырамын. Вакцинадан кейін асып кетсе 1-2 күн температура көтерілуі мүмкін. Ал вакцина салдырмай,  ауру жұқтырып, стационарға түсудің салдары қандай болатыны белгісіз.

Фото: astana.gov.kz

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

18.04.2024

Загадка нашатыря. Помешал ли Путин Бишимбаеву?

18.04.2024

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

18.04.2024

Елімізде мамырда күн 40 градусқа дейін ысиды

18.04.2024

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

18.04.2024

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

18.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.

Загадка нашатыря. Помешал ли Путин Бишимбаеву?

В четверг, 18 апреля, на судебном процессе по делу экс-министра Куандыка Бишимбаева, обвиняемого в убийстве и истязаниях гражданской жены Салтанат Нукеновой, выступил врач-неонатолог Ерсултан Сарсенбаев. Ожидалось, что этот свидетель поможет понять, почему Бишимбаев и его брат Бахытжан Байжанов слишком долго не вызывали скорую помощь избитой Салтанат Нукеновой. Но вопросов стало еще больше.

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елімізде мамырда күн 40 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу барысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ ресми өкілі жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелгенін растады.

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген.