Батырғазиев - олимпиада чемпионы

Берік Жанатханұлы

  • 05.08.2021

Ресей сапында өнер көрсетіп жүрген ноғай боксшысы Альберт БАТЫРҒАЗИЕВ Токио олимпиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Финалда ноғай боксшысы әлем чемпионатының күміс жүлдегері АҚШ спортшысы Раган ДЬЮКТЕН басым түсті. Ал жартылай финалада әлемнің үш дүркін чемпионы Ласаро АЛЬВАРЕСТІ жеңген еді.

Альберт ХАНБОЛАТҰЛЫ 23 мамырда 1998 жылы Дағыстанда дүниеге келген.  Ресей Федерациясының төрт дүркін чемпионы. Кәсіпқойлар арасында WBA Asia тұжырымдамасы бойынша Азия чемпионы.

Фото: news.myseldon.com